Беделді қызметке орналасқан шенеуніктердің балалары туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Бүгінде жоғарғы қызметте отырған жап-жас басшылар жетерлік. Солардың арасында әке жолын қуған, атасынан асып туған Қазақстан азаматтары да бар. NUR.KZ порталы бүгінде билік тізгінін ұстаған танымал тұлғалардың балалары туралы мәліметтерді назарға ұсынады.
1. Жеңіс Қасымбек (1975 жылғы) - президенті кеңсесінің басшысы (90-жылдары) болған Махмұд Қасымбековтың ұлы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының, Еуразия университетінің түлегі. Бүгінде ол - Инвестициялар және даму министрі.
2. Нұралы Әлиев (1985 жылғы) - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш ұлы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Австриядағы Имадек университетін тәмамдаған. Біраз жылдар “Нұрбанк” АҚ директорлар кеңесінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды. Ал қазір ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқаруда.
3. Мүслім Алтынбаев (1966 жылғы) - экс-сенатор және бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың ұлы. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының түлегі. Бүгінде қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде.
4. Асқар Тұрысбеков (1975 жылғы) - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың ұлы, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың бажасы. Ол - «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС вице-президенті қызметін атқаруда.
5. Әділбек Баталов (1982 жылғы) - Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ұлы. Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің және Nottingham University Business School, Мәскеудегі Сколково бизнес-мектебінің түлегі. Қазірге қызметі - "КазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директорының орынбасары.
6. Максим Божко (1981 жылғы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божконың ұлы. Еуразия ұлттық университетінің, Вашингтон университетінің түлегі. Максим қазір "Ақмола Феникс" АҚ-ның бас директоры, Ақмола облыстық маслихатының депутаты.
7. Арман Оразалиев (1975 жылғы) - полиция генерал-майоры Молдияр Оразалиевтің ұлы. Қазір ол ҚР ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
8. Сержан Әбдікәрімов (1976 жылғы) - экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімовтың ұлы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы. Бүгінде ол Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі қызметінде еңбектеніп жүр.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713332-bedeldi-kyzmetke-ornalaskan-seneunikterdi-balalary-turaly-ne-bilemiz/