Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте күйеуі тастап кеткен әйел төрт баласымен көше кезіп жүр (фото)

Жарияланған күні:

Шымкентте күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ана төрт баласын асырай алмай отыр. Өлместің күйін кешкен әйел қазір көрінгеннің босағасын жағалап, көшеде қолын жайып жүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

шымкент
Жалғызбасты ана. Фото: nur.kz: UGC

Бір емес, шиіттей төрт баласына күнделікті ас-ауқатын тауып беру - жалғызбасты анаға оңай емес. Салдарынан, сарышұнақ аязда Жаңылай Мұханова көшеде қайыр тілеп, нәпақасын табуға мәжбүр. Осылайша, күн сайын көпшіліктен түскен тиын тебеннің басын құрап, жолын тосқан перзентеріне нан-пұл әкеледі.

Мемлекеттен алатын ай сайынғы көмек - он мың теңге жалдамалы пәтер түгілі, ас -ауқатына да жетпейді. Ал төрт баласымен бір-ақ күнде тастап, жөніне кеткен отағасы жанұясына көмек қолын созбақ түгілі, хал сұрауға құлықсыз.

"Үйді армандауды қойдық. Себебі, тамақты әрең тауып жейміз. Өзім болсам, жасымнан жетім өстім. Күдерімді үзгенмін. Бәрібір, көмектесетін ешкім жоқ қой. Кезінде күйеуім мені аяған жоқ, ұрып- соғатын. Мен түгілі, бала-шағама да қол көтеріп, тепкінің астына алатын кездері көп еді. Бұл қорлығына шыдай алмай, жанжалдасатынмын. Ақыры бізді тастап кетті.", -дейді Жаңылай Мұханова.
шымкент

Қазіргі суықта жағдайы мүшкіл балалардың киетін киімдері де жоқ. Үлкенінің жасы - он бірде болса, одан кейін он және алты жастағы қыздары мен үш жасар ұлы бар. Үш қызы мектепте оқиды. Ең сорақысы - төртінші сыныпта оқитын қызы әлі күнге дейін әріп танымайды.

Айта өтейік, жалғызбасты ана осы қазіргі мүшкіл жағдайын айтып, әкімшілікке талай барған. Ондағы мамандар көмектесудің орнына, бір-біріне сілтеп, тыңдағысы да келмепті. Енді үй-жайы жоқ жалғызбасты, көп балалы ана барар жер, басар тау таппай отыр.

Егер қол ұшын созуға дайын қайырымды жандар табылып жатса, 8708-956-13-57 нөміріне хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713701-symkentte-kjeui-tastap-ketken-jel-trt-balasymen-kse-kezip-zr-foto/