Қарағанды облысындағы көз жұмған екі сәбиге дәрігерлер салғырт қараған
Жарияланған күні:
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды мен Теміртау ауруханасына тұмаумен түсіп көз жұмған екі сәбидің ажалы неден болғаны анықталды. Мереке кезінде кезекші болған дәрігерлер науқас балаларға уақытылы ем-дом жасамаған деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қарағанды облысында жаңа жыл қарсаңында қайтыс болған сәбилердің өлімі туралы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Белгілі болғандай, екі жағдайда да балалар ажалына себеп болған дәрігерлердің салғырттығы екен. Комиссия мереке күндері екі бүлдіршінге дәрігерлер мен медбикелердің жүрдім бардым қарағанын анықтады.
31 ші желтоқсан күні көз жұмған үш жасар Әйзере Қаһарманова алғашында тұмаумен ауырып, кейіннен іші өткен. Алайда ауруханада оны инфекционист емес, педиатр діәрігер емдепті. Демек оның балаға көмек көрсетуге біліктілігі болмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл тұрғыда маман тапшылығын алға тартып ақталды.
-Тексеріс қортындысына сәйкес, комиссиямен балалардың халін дұрыс бағаламау және екі ауруханадағы медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерінен кәсіби міндеттерін дұрыс атқармауы және тағы да бірқатар кемшілктер анықталған еді", - дейді Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бас маманы Салтанат Жақсыбаева.
Ал Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде инфекционнист мамандар қажетті деңгейден 40 пайызға аз екенін айтып ақталды. Сондықтан педиатр маман кезекшілікке қалған екен. Енді ол баланы аман алып қала алмағаны үшін жұмыстан шеттетіліпті.
Еске салсақ, 31 желтоқсан күні Қарағанды ауруханасында 3 жастағы бүлдіршін қайтыс болды. Анасы ауруханада емделіп жатқан Айзере Қаһарманованы 30-шы желтоқсанда 38 градус ыстығы бола тұра қолхат қалдырып, үйіне әкеткен. Алайда 13 сағаттан соң іші өтіп, қызуы көтерілген баланы ауруханаға қайта әкеледі. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ал қаңтардың 2 сі күні Теміртау ауруханасына осындай белгілермен 1 жарым жастағы Аслан Манасов жеткізілген. Алайда баланың демі ертесіне кешке таман үзіліп кетті. Мұнда да, қаңтардың 1 нен бастап ауырған баланы бір тәуліктен аса ата анасы үйде өздері емдеп көрмек болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713833-karagandy-oblysyndagy-kz-zmgan-eki-sbige-drigerler-salgyrt-karagan/