Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Алламен тілдесетінін айтқан азамат елді таңғалдырды (фото)

Жарияланған күні:

Шымкентте тылсым күшпен тікелей байланысқа шығатын адам пайда болды. Көріпкелдігі бар азамат жаратушымен сөйлесе алатынын айтып, көпшілікті таңқалдыруда деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте Алламен тілдесетінін айтқан азамат елді таңғалдырды (фото)
Абай Пішенбаев. Фото: nur.kz: UGC

Өзге әлеммен тікелей байланысатын көріпкелді көршілері ерекше құрметтеп, ақылшы ретінде санайды.

Абай Пішенбаев осыдан 21 жыл бұрын алғаш рет белгісіз күш иесімен байланысқа шығыпты. Ол кезде жасы 34-те болған. Жиырма жылдан аса уақыт өтсе де, тылсым күшпен қалай байланысқа шыққаны дәл қазіргі кездей көз алдында екен.

Айтуынша, Тәңір адамзат баласын ақыр заман мезгілі жақындап қалғанын ескертіп, жиі-жиі белгі берген көрінеді. Сондықтан, ол адам аяғы көп жүретін жерлерде жаманшылықтан сақтану туралы насихат жүргізіп жүр.

"Мына екі қолым төрт қол болып, денемнен сап-сары бірнәрсе бөлініп шығып алдыма келіп тұрды да, "міне сенің жаныңды осылай ауыртпай аламын" деді. Сол кезде терезенің түбінде отырып қалған екенмін. Үйдегі отырған адамдардың барлығы қорыққаннан кәлима айтып дұға қылып жатыр екен. Маған ақырзаман туралы көптеген аян келеді. Сақтану керек. Көп уағыз насихаттамасам болмайды", -дейді тылсым күшпен байланысып жүрген Абай Пішенбаев.
Шымкентте Алламен тілдесетінін айтқан азамат елді таңғалдырды (фото)
Шымкентте Алламен тілдесетінін айтқан азамат елді таңғалдырды (фото): UGC

Ерекше күшке ие азаматты көршілері қадірлеп, той-жиындарда ізет көрсететін көрінеді. Ал, күнделікті тіршілігінде үйде мал шаруашылығымен айналысатын Абай қолы бос кезде құран оқып, Аллаға құлшылық етеді.

Сол үшін оны ауылдастары ақылшы ретінде санайды.

Алайда, имамдар тылсым күшпен байланысатын азаматтардың әрекетін күпірлікке балап отыр. Айтуларынша, жаратушымен сөйлесу - адам сенгісіз әңгіме.

"Аллаһ Тағалламен тікелей сөйлестім дегендігі ол күпірлік. Ең соңғы пайғамбарымыз - ол біздің ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.а.у. Содан кейін уақи да тоқтатылған, дін кемеліне жеткен. Құран аяттары толық біткен. Ары қарай уақи болып түскен Құран Кәрімді және пайғамбарымыздың хадисі мұра болып үмбетіне қалды", - дейді ОҚО наиб имамы Еркебұлан Қалдаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714327-symkentte-allamen-tildesetinin-ajtkan-azamat-eldi-tagaldyrdy-foto/