Қазаққа жақсы келін бола алмаған орыс қызы жан сырымен бөлісті
Жарияланған күні:
Жастық жалын мен алғашқы махаббатқа жететін не бар? Албырт сезімнің жетегінде жүріп бас қосқан Светлана мен Мақсат берік отбасын құра алмаған. Бұл жайында алматылық келіншектің өзі NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Сегізінші сыныпта басталған алғашқы махаббаттан Мақсат пен Светлана бір-бірін көрмесе тұра алмайтын жағдайға жеткен.
«Біз бір ауылда тұрдық. Бір мектепте оқыдық. Жасырын кездесетінбіз. Бірде ұрысып, бірде татуласып тәтті сезімдерді бастан өткердік. Университеттен соң да жасырын кездесуімізді жалғастырдық. Себебі, оның отбасы өзге ұлт қызына түбегейлі қарсы болатын. Алайда, мен жүкті болып қалдым да, Мақсаттың туысқандарының амалы қалмады. Отбасылық ұрыстан соң, бізге келісім беріп, тойды өткіздік», - деп кейіпкер қалай үйленгендерін баяндап берді.
«Той кәдімгі қазақы салтпен өтті. 350 адамға арнап дастархан жайдық. Менің ата-анам тек бақытты болғанымды қалады. Анам мұның оңай болмайтынын бірден айтты. Ал әкем менің шешімімді қолдамады», - дейді Светлана.
Тойдан соң Мақсат бірден әскерге кетіпті. Ал аяғы ауыр Светлана ауылда ата-енесімен қалған.
«Арада ай өткенде, енем екеуіміздің арамыз ушығып кетті. Мен үйіме кетіп қалдым. Ал одан кейін енем маған тыныштық бермеді. Қорқытты. Мақсат екеумізді қалай да ажыратып алатынын айтты. Баламыз сегіз айлық болғанда Мақсат оралды. Осы кезде бәрі реттелгендей болды», - деді ол.
«Барлығы артта қалып, біз қалаға көштік. Қаржылай қиналдық. Мақсат күндіз-түні жұмыс жасады. Кейін қызметі өсті. Оның қолында мансап пен ақша болған сайын, ол сыртқа көз тастауды шығарды. Қол да көтеретін болды. Осылайша бұл оқиға бес жылға жалғасты. Мен баламды алып, кетуге шешім қабылдадым. Бұдан ары менде шыдам қалмады», - дейді келіншек.
Светалана кеткен соң, күйеуі артынан іздеп келмеген. Керісінше өзгелермен көңіл көтеруді жалғастырыпты. Кейінірек кейіпкеріміз де Игорь есімді ер азаматпен көңіл жарастырып, екінші рет тұрмысқа шыққан.
«Қазір шын бақыттың не екенін түсіндім. Отбасым мейірім мен махаббатқа толы. Әрі екінші күйеуім арқылы қиындықтан қорықпайтын болдым», - деп отбасылық оқиғасымен бөлісті Светлана.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717789-kazakka-zaksy-kelin-bola-almagan-orys-kyzy-zan-syrymen-blisti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.