Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзсіз махаббат: Қазақстанға ғашық болған мексикалық қыз ақыры Астанаға келді (фото)

Жарияланған күні:

Мексикалық бойжеткен Сандра Реаль 10 жасынан бастап Қазақстанға келуді армандап, біздің елге «бір көргеннен ғашық» болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды: UGC

Астанадағы Назарбаев университетінің 1-ші курс магистранты, мексикалық ару Сандра Реаль Қазақстанға былтырғы жылдың тамыз айында келген. Бар-жоғы жарты жылдың ішінде бойжеткен қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп, еліміздің түрлі салт-дәстүрімен танысып үлгерген.

«Менің Қазақстанға келуімнің өзі қызық болды. Бала күнімде, шатаспасам, 10 жасымда болу керек, ата-анам маған Кеңес одағы туралы кітап сыйлаған еді. Ол еңбекте одақтас елдер туралы көптеген ақпарат болды, бірақ соның ішінде, маған ерекше ұнағаны – Қазақстан еді. Мен әлгі кітаптағы ақ боз аттар мен қып-қызыл алмаларды көріп, сіздердің елдеріңізге бір көргеннен ғашық болдым. Мынадай тұмса табиғаты бар мемлекетке мен міндетті түрде баруым керекпін деп армандадым», - дейді мексикалық ару.
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды: UGC

Осылайша, білімпаз бойжеткен туған елінің Астанасы Мехикода бакалаврды аяқтап, елордадағы Назарбаев университетінде білімін жалғастырады.

«Елдегі жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, мен Қазақстандағы университеттердің бірінде білімімді жалғастырамын деген шешімге келдім. Сөйтіп, осы білім ордасына келіп қалдық. Негізі, кішкентайымнан Орта Азия, оның ішінде, Қазақстанға деген қызығушылығым зор болғандықтан, Мексикада қазақ елінің ұйымдастыруымен өтетін көптеген шараларға қатысатынмын. Отандастарыма сіздердің елдеріңіз жайлы презентациялар ұйымдастыратынмын. Шыны керек, бала күнгі арманым – қазақ елін көру еді, сол мақсатыма жеттім. Қазақ халқы мені өте жылы қарсы алды, адамдар өте ашық, қарапайым, бір-біріне көмекке келіп тұруға асығып тұрады. Осы тұрғыдан қазақтар мен мексикалықтар арасында ұқсастық бар, біздің халқымыз да өте қонақжай. Қазір орыс тілімен бірге қазақ тілін үйреніп жүрмін, алдағы уақытта екі тілді де жетік меңгеріп алатыныма сенімдімін»,-деп әңгімесін жалғастырды шетел аруы.
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды: UGC

Сонымен бірге, ол мексикалықтар мен қазақ халқының түр-келбеті жағынан да ұқсас екенін атап өтті.

«Маған бастапқыда бәрі қазақша сөйлейтін. Басында таң қалатынмын, сөйтсем, түр-келбетім жағынан қазақтың қыздарына қатты ұқсайды екенмін. Оны кейін қала халқымен таныса келе байқадым. Сосын, тағы бір қызық айтайын, менің бакалаврдағы дипломдық жұмысым айран, қымыз, шұбат сусындарының құрамы тақырыбына арналды. Осында келген соң зерттеген сүт өнімдерінің бәрінің дәмін таттым. Тіпті, оңтүстік америкалықтарға таңсық көрінетін - жылқының етін, қазыны, құртты жеп көрдім, өте дәмді әрі құнарлы тағамдар»,-деп ағынан жарылды Сандра Реаль.
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды
Мен Қазақстанды сүйемін: жарты жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алған мексикалық ару таң қалдырды: UGC

Оңтүстік америкалық ару сондай-ақ, ақ қарды да алғаш рет біздің елде көргенін айтып берді. Сандраның сөзіне сенсек, арқаның қытымыр қысы ды оны биыл біраз әбігерге түсіріпті.

«Мексикада өздеріңіз білесіздер, қыс болмайды, қысы-жазы жаз. Биыл бірінші рет қарды, Астананың сақылдаған аязын көрдік. Айтсам сенбейсіз, бірақ менде тіпті, қыстың күні киетін жылы күртешемді болмаған еді. Осындағы достарымның кеңесімен және қала тұрғындарының не киетінін көріп, қысқы киімдер сатып алуыма тура келді. Негізі, Қазақстанның оңтүстік өңірі Астанаға қарағанда жылы дейді әрі тарихи жерлер де баршылық екен. Сол себепті, наурызда Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы қалаларына баруды жоспарлап отырмын»,-деп сөзін қорытындылады жас ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718332-kzsiz-mahabbat-kazakstanga-gasyk-bolgan-meksikalyk-kyz-akyry-astanaga-keldi-foto/