Астананың ауқатты жігіттері қыздарға 150 мыңдық гүл шоқтарын сыйлауда (фото)
Жарияланған күні:
Мереке күндері елорда да гүлдің бағалары шарықтап кетті. 30-45 мыңдық гүлшоқтарымен ешкімді де таңғалдыра алмасын білген Астана тұрғындары 150 мың теңгелік гүлді сыйлауға дайын деп xабарлайды NUR.KZ.
Раушан гүлінен мезі болғандарға алуан түрлі таңдау қарастырылған. Алайда неғұрлым ерекше гүл түрін таңдасаңыз, анағұрлым қаражат шашуға да дайын болыңыз.
Мәселен, сирень гүлінің бір бұтағы 3500 теңге болса, ранункулустың бағасы 2500-3000 теңге арасында.
Мимозаның бір бұтағы 2500 теңгені құраса, пиондар қалтаңыздан 2000 теңгені қағып түсіреді.
Гүлшоғыңыз арзан болып көрінбес үшін, сәйкесінше гүлдер саны да көп болуы шарт. Нәтижесінде 30-45 мың теңге бір сәтте жоқ болып кетпек.
"Бәлкім бағасы біреулер үшін "ғарыштық" болып көрінер. Алайда мұндай бағаға алушыр саны аз емес. Сүйіктіңіз үшін қаражатты аямау керек", - дейді гүл сатушылары.
Ал сатып алушырдың бұл орайда пікірі мүлдем басқа болып шықты. Олардың айтуынша, гүлдердің мұндай бағаларын көпшіліктің қалтасы көтермейді.
"Раушан гүлдері былай тұрсын, қыздалдақтар бағасы 900-ден басталады. Ұяттың да шегі бар", - деп наразылықтарын білдірді олар.
Астанада одан бетер кең пейілді азаматтар бар көрінеді. Оларға 35-40 мыңдық гүлшоқтары аздық етеді. Сүйіктілері үшін 150 мыңға дейін ақша шашуға олар әбден дайын.
Сонымен қатар сатушылар қымбат гүліңіздің қасына құны 31 850 немесе 43 920 теңге тұратын элиталық шампандарды қосып беруді ұсынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720749-astanany-aukatty-zigitteri-kyzdarga-150-mydyk-gl-soktaryn-syjlauda-foto/