"Бұл қателік болды": Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін тағы да мойындады
Жарияланған күні:
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 наурыз күні Тараздағы ауруханадан қашып кеткен Мұратхан Тоқмәдидің видеосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеода бизнесмен өзін жақсы сезінетінін және денсаулығына шағымы жоқ екенін айтады.
"8 наурыз күні мен қашып кетпек болдым, алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсталып қалдым. Олар мені терге изоляторына алып келді. Өзімнің кінәмді мойындап, бұл әрекетім қателік болды деп есептеймін", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720836-bl-katelik-boldy-mrathan-tokmdi-z-kinsin-tagy-da-mojyndady/