Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балық, тамақ, іш киім: "Базарға" айналған Астана концерт залының сиқы көрерменнің ашуына тиді

Опубликовано:

Астана концерт залынан "Алдараспан" театрының өнерін тамашалауға барған көрерменнің бірі ғимараттың базарға айналғанын көріп ашуланғанын айтты. Оның айтуынша, дардай мәдениет үйінде тамақ та, балық та, тіпті іш киім де сатылып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Балық, тамақ, іш киім: "Базарға" айналған Астана концерт залының сиқы көрерменнің ашуына тиді
Балық, тамақ, іш киім: "Базарға" айналған Астана концерт залының сиқы көрерменнің ашуына тиді: UGC

Бұл туралы журналист Дәулетхан Жиенқұлов өзінің Facebook парақшасына жазды.

"Астана" концерт залы ма, базар ма? Кеше қыздар мерекесі деп аналарымызды, аруларымызды құттықтап, кешке мерекелік концертке бардық. Мерекелік көңіл-күй сыйлайық деген ой ғой. Оның үстіне, әрбір сахналық қойылымы, интермедиясы, монологы адамға ой салатын Туканың, Тука деппін ғой Нұржан Төлендиевтің "Алдараспан" театры дегесін арнайы бардық.

Осылайша, көңілін көтеру үшін шыққан ол мәдениет үйін Шанхай базарына теңеді.

"Астана" деп аталған концерт залының сонау қаланың шыға берісіндегі "Шанхай" базарынан еш айырмасы жоқ екен. Сенбесеңіз барып көріңіз. Кіре берістегі үлкен фойе лық толы. Концертке келген көрерменге емес, саудагерге. Зергерлік алтын-күмістер, киім-кешегіңіз тон мен ішіктен бастап іш киімге дейін, балық, тауық, бал, шұжық т.б. азық түлік самсап тұр.
Бастапқыда біз адасып кіріп кеттік пе деп қалдық. Өйткені, онда бармағалы да біраз болып еді. Сөйтсек, расында кіреберісі базар. Іші онсыз да тар жерде иісі мүңкіген балық, тамақ... бірнеше қатар етіп сөрелер қойып тастаған. Арасымен бір кісі қырымен зорға өтеді.
Бұл не сонда? "Астана" концерт залы деген сауда орталығы, я болмаса, қаланың коммуналдық базары ма? Неужели концертке келгендер сол жерде үйіне колбаса, балық, аяғына нәски, бұтына тр... алады? Біздің рухани жаңғырғандағы мәдениетіміздің жеткен жері осы ма?", - деп наразы болды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720875-balyk-tamak-is-kiim-bazarga-ajnalgan-astana-koncert-zalyny-siky-krermenni-asuyna-tidi/

pixel