Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаханов - Шакалов": Белгілі жазушы атасын "қоразға" теңеген ақынға жауап берді

Жарияланған күні:

Бүгін Алматыда Қазақстан жазушыларының XV құрылтайы өтіп, белгілі ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Шаханов - Шакалов": Танымал жазушы өзін "Қоразалин" деген ақынға жауап берді
"Шаханов - Шакалов": Танымал жазушы өзін "Қоразалин" деген ақынға жауап берді: UGC

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылардың бас қосу жиыны айқау-шусыз өтпеді.

Өз пікірін айтып, залдың әр шетінен шуылдаған танымал тұлғалардан бөлек сахнаға шығып кетіп, жаға жыртыса жаздағандар да болды.

Сондай-ақ, белгілі ақын Мұхтар Шаханов пен жазушы Нұрлан Оразалин арасында кикілжің туындаған.

Құрылтайда сөз алған Шаханов қаламгерлерге қарата өлең оқып, Оразалинді «Қоразалин» деп атады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

"Оразалин ұлттық мүддеге келгенде Қоразалин болды. Тауықәлин, Шөжалиннің деңгейінде самғады. Ол биліктегі басшылардың туфлиін шеберлікпен жалады. Оның еңбегі сол. Бұл да қазіргі заманда үлкен өнер", - деді Мұхтар Шаханов.

Ел-жұрттың көзінше өзін сынаған адуынды ақынға Нұрлан Оразалин бірден жауап қайырды.

"Жиналысқа келмей сырттан тон пішу -өзін Жазушылар одағынан жоғары қоятын ұлылықтың ауруымен ауырған адамдардың ғана қолынан келетін нәрсе. Ұйқасты мен де сізге айтайын. Маған екі-үш жыл бұрын «Шаханов -Шакалов» деген хат келді.
Сіздер елді сыйлаңыздар, ағайын. Менің әкемде, менің атамда, менің талантымда ешқайсыңыздың шаруаларыңыз болмасын. Осы менің екі ағама берген жауабым", - деді жазушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721114-sahanov-sakalov-belgili-zazusy-atasyn-korazga-teegen-akynga-zauap-berdi/