Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерте үзілген жас ғұмыр": Ақтөбелік тілші туралы естеліктер елді жылатты (фото)

Жарияланған күні:

Танымал ақтөбелік журналист Айзат Әбдісаматтың өлімі бүкіл Қазақстан жұртын бей-жай қалдырмады. Лифтіге қыстырылып қалып, үш жасар қызының көз алдында жан тапсырған тілшінің әріптестері жантүршігерлік жағдайға қайғыра көңіл айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыршыннан үзілген жас ғұмырдың тағдыры кімнің болса да жүрегіне ауыр тиді.

"Ақжарқын, мейірімді, біреуді жамандауды білмейтін кіршіксіз таза пейілді жан еді", - деп Айзат туралы естеліктерімен бөліскен журналистер көпшіліктің көзіне жас үйірткен.

Осы орайда, 28 жасында балапаны үшін бақилық болған ақтөбелік тілші туралы жазған отандық БАҚ өкілдерінің жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

"Айзат! Қараңғы түндегі айдай жарық сәуле бар еді күлімдеген жанарыңда! Болашаққа деген сенім бар еді қадамыңда! Аз уақытта телеарнадан жарқын бейнең мен жылы жанарыңмен көрерменнің жанын баурап алып едің. Осы айдай толықсыған аппақ жүзіңді бізден қалай ғана тез жасырдың? Қалай ғана?

Ақтөбенің аспаны жылап тұр. Жылы жанарыңмен жылытатын сені іздеп тұр ма екен?

Сене алар емеспін. Сенбеймін. Бәрі өтірік болғай! Сен әлі көөөп биіктерді бағындыруың керек еді. Сен асыл жарыңа, балапаныңа керек едің. Сен көрерменіңе керек едің. Сен достарыңа керек едің. "Аспанда ай болмаса адасады." Сен болмасаң, қалай іздемейміз?

Айзат! Бақұл бол! Жарқ етіп сөнген жарқыным! Иманың жолдасың болғай! Адамға қиянаты жоқ асыл қасиетің үшін Алла Тағала өзіңе қорған болсын!", - деп жазады Гүлжайнар Қалдина.
"Ерте үзілген жас ғұмыр": Ақтөбелік тілші туралы естеліктер елді жылатты (фотО)
"Ерте үзілген жас ғұмыр": Ақтөбелік тілші туралы естеліктер елді жылатты (фотО): UGC

Фотограф Әйгерім Бегімбет марқұмның сондай ақжарқын, әдемі әрі ерке болғанын еске алды.

"Өз қатарласыңның өлімін естіген қандай ауыр. Aizat Abdisamat КазГУ-де, журфакта бізден бір курс жоғары оқыған. Бірақ есімін студент болмай тұрып, "Ұлан" газеті, "Айгөлек" журналы арқылы таныдық. Кейін журфакта жолықтық. Үнемі күліп жүретін. Сондай ақжарқын, сосын ерке, әдемі еді. Лифтіге мініп, өмірмен қош айтысамын деп ойламады да - ау. Кішкентай балапанын сыртқа лақтырып үлгеріпті. Сенгім келмейді. Енді ол Ақтөбе халқын "Қайырлы таң!" деп таңғы эфирде оятпайды. Бақұл бол, Айзат!"
"Ерте үзілген жас ғұмыр": Ақтөбелік тілші туралы естеліктер елді жылатты (фотО)
"Ерте үзілген жас ғұмыр": Ақтөбелік тілші туралы естеліктер елді жылатты (фотО): UGC

Ақтөбелік тілші Ақниет Тұрғанова бұл жағдайдың бұкіл Ақтөбе үшін ортақ қайғы екенін күрсіне жазды.

"Айтып келмейтін ажалдың құрбаны болған, Жүзі жарқын, Айзат Әбдісамат әріптесімізден қапыда айырылып қалдық. Кішкентай Іңкәріңді кімге тастап кеттің? Сол лифтте тұрып суретке түскіш едің, ажалың содан болды-ау... Алла алдыңнан жарылқап, отбасыңа, анаң мен бауырыңа сабыр берсін! Таңертең естіп, есеңгіреп әрең отырмын. Күллі Ақтөбе арнасының ұжымына ортақ қайғы, иманды болсын!"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725204-erte-zilgen-zas-gmyr-aktbelik-tilsi-turaly-estelikter-eldi-zylatty-foto/