Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ет жеуден қалдық: Елімізде жылқы мен қой етінің құны шарықтап кеткен

Опубликовано:

Елімізде ет қымбаттады. Әсіресе, ең өтімді сиыр еті 200-400 теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, жылқы мен қой етінің құны да шарықтапты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: takprosto.cc
Көрнекі фото: takprosto.cc: UGC

Статистика комитетінің мәліметінше сиыр еті – 9,9 %, қой еті – 9 %; жылқы еті - 8,8%, шошқа еті - 8,8 %. құс еті – 0,4 %-ға шарықтапты.

Десе де баға әр өңірде әртүрлі. Мәселен, Қарағанды жылқы еті Қазақстан бойынша ең қымбат. Келісін 2 мыңнан 2 мың 800 теңгеге дейін сатып аласыз. Ал Астанада ірі қара мен қой етінің құны 1300-1400-ден 1700-ге дейін өскен.

Атырауда да баға ырыққа көнбей тұр. Мұнда өзге өңірлермен салыстырғанда құс етінің құны мүлдем қымбат. Ең өтімді ірі қараның да бағасы удай. Келісі екі мыңнан асып кеткен.

"Алған зейнетақымыздың жартысы тек қана етке кетеді. Мен мысалы 9-10 келі ет алуым керек, 1800, 2000 деп 1900-ден беріп тұр. Сонда ойлаңыз 10 келі етке 20 000 керек. Алатыным 48 000 теңге", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Сәния Ахметова.

Ал тәуелсіз сарапшылар бағаның өсуіне осы көктемгі тапшылық себеп дейді. Яғни, жұрт күзде жаппай соғым сойған кезде, баға арзандайды. Қыс пен көктем мезгілінде шарықтап шыға келеді екен.

"Шаруаның шығындары да бар. Ол жем шөп сатып алуы керек. Солярканың да құны өскен. Барлығы көктем кезінде қымбаттайды. Бұл еттің бағасына әсер етпей қоймайды", - дейді Ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725689-et-zeuden-kaldyk-elimizde-zylky-men-koj-etini-kny-saryktap-ketken/

pixel