Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австриялық азаматқа тұрмысқа шыққан тараздық ару жайлы не білеміз? (фото)

Жарияланған күні:

Австриялық жігітке тұрмысқа шығып, бақытты отбасын құрған Әнел Шоңжігітова бүгінде екі қыз тәрбиелеп отыр. Бойжеткеннің ата-анасы қазір Мәскеуде тұрып жатқанымен, Әнел – көне Тараз қаласының тумасы деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Өзінің Instagram парақшасында шетелдегі өмірімен күн сайын бөлісетін ару – берік отбасын құра білгенім үшін бақыттымын дейді.

Бойжеткеннің желідегі суреттерін көз жүгірте отырып, ата-анасының өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шығуына еш қарсылық танытпағанын аңғаруға болады.

Жолдасы Ники Нойбауэр да жүзі жылы, көркі келісті азамат.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Алдымен Австрияда некесін қиған олар кейін Таразға келіп, туған-туыстары мен жақындарына ұлан-асыр той жасаған. Бұл тойға Әнелдің ата-енесі де келген.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Әнелдің айтуынша, Тараздағы той ойдағыдай өтіп, оған барша туыстары жиналған.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Бүгінде Әнелдің қос қызы бар. Үлкені Альма балабақшаға барып жүрсе, кішісі әлі 1 жасқа да толмаған. Әнел Шоңжігітова кенжесі Амелиді былтыр ғана дүниеге әкелген.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Оқырмандарын күн сайын жаңа суреттерімен қуантатын ол ата-енесімен тату-тәтті тұратынын жазған.

Фото Instagram желісінен алынды
Фото Instagram желісінен алынды: UGC

Европа елінде бірнеше жыл қатарынан тұрғанына қарамастан, Әнел ұлттық мейрамдарды атап өтуді ұмыт қалдырмайды. Ол өз оқырмандарын құттықтап, елге деген ыстық лебізін үнемі жолдап жатады.

«Наурыз құтты болсын! Балалығымның тәтті дәмін еске алып, наурызға бауырсақ пісірмекпін», - деп жазба қалдырған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725778-avstrialyk-azamatka-trmyska-sykkan-tarazdyk-aru-zajly-ne-bilemiz-foto/