Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Кезінде қазақтың бәрі заңгер, экономист, бизнесмен болғысы келді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жоғары оқу орындарын Назарбаев университетінің сапалық деңгейіне жеткізу керек екенін айтты. Елбасының айтуынша, қазақтар үшін бұрын абыройлы саналатын мамандықтар қазіргі таңда өзекті емес, деп жазады NUR.KZ.

Назарбаев: Кезінде қазақтың бәрі заңгер, экономист, бизнесмен болғысы келді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев: UGC

Қазақстан президенті елдегі барлық университеттер жеке зерттеу зертханасымен жабдықталып, ЖОО бизнес саласымен бірлесе жұмыс жасау арқылы коммерциялануы керек деп есептейді.

«Өздеріңіз де білесіздер. Шетелге шығып, көріп жүрсіздер. Біздің университеттер қандай? Қазір күнде министрлікке университет ашу туралы ұсыныс айтып келетіндер көбейген. Бізде 131 университет бар, олардың санын азайту керек. Бізге сан емес, сапа керек", - деді Назарбаев.

Сонымен бірге, ол техникалық және инженерия саласы бойынша маманданған университеттер рейтингте соңғы орында тұр. Себебі, егер ЖОО заманға сай болмаса, мемлекет оларға грант бөле алмайды.

«Бірнеше дипломы бола тұра, жұмыс таба алмай жүргендер қаншама. Сондықтан студенттер 3-4 курстан бастап бизнес жасауға ұмтылса, міне, бұл нағыз университет болмақ. Егер барлық түлектер жұсысқа тұрып кетсе, міне, университет деп осыны айт.

Қазақпыз ғой, барлығымыз заңгер, экономист, бизнесмен болуға ұмтылдық. Қазір олардың бәрі қайда? Сұраныс жоқ. Сондықтан да біз саналы ұлт болуға тырысып, жастардың бойына да осындай қасиеттерді сіңіруіміз керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726312-nazarbaev-kezinde-kazakty-bri-zager-ekonomist-biznesmen-bolgysy-keldi/

pixel