Қазақ қызы сүйіктісі тойға ақша жинап жүргенде өзге жігітке тұрмысқа шығып кетті
Жарияланған күні:
Әлия есімді ару тойына ақша жинап жүрген жігітін тастап, өзгеге тұрмысқа шығып кеткен. Сүйіктісінің сағын сындырған бойжеткен бүгінде өз ісіне өкініп, қыздарға ақылын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мен Мұратпен танысқанда 21-де болдым. Бізді сыныптасым таныстырған. Мұрат менің көңілімді аулап, екеуіміз кездесе бастадық", - дейді бойжеткен.
Әлия Мұратпен ұзақ жылдар кездесіп жүреді. Алайда мансап қуған махаббаты үйленуге асықпапты.
"Мен оны түсінбедім. Мені сүймейді, үйленгісі келмейді деп ойладым. Ата-анасы мені келін ретінде қабылдағысы келмейтініне сенімді болдым. Басыма сан түрлі ойлар келетін. Сол арада құрбыларым тұрмысқа шығып, ана атанып жатты. Туыстарым қашан тұрмысқа шығатынымды сұрап қоймайтын. Оларға не дер едім?", - дейді Әлия.
Бойжеткен көп ұзамай Жандос есімді жігітпен танысады. Мұратты ұмыта алмаған Әлия оны сүймейтінін жасырмады. Жандостан ұсыныс алған ару оған тұрмысқа шығуға келісе салады.
"Бұл менің үлкен қателігім болды. Күйеуімді сол беті сүйе алмадым. Бөтен адамдар секілді тұрдық. Тойдан кейін он ай өткенде ажырасып кеттік. Ол кезде аяғым ауыр еді. Күйеуім, тіпті перзентханаға қызын көруге келмеді. Бүгін біз мүлде араласпаймыз. Анаммен тұрамын", - дейді ару.
Кейін Әлия Мұраттың оған үйлену үшін тойға ақша жинап әлек болып жүргенін білді. Ата-анасынан тойға ақша сұрағысы келмеген азамат Әлияға сол себепті ұсыныс жасамай келіпті.
Ақыры тойына ақша жинап болған Мұрат Әлияның сыныптасына үйленіп кеткен.
"Ол бақытты ма, білмедім. Алайда мен некеде бақытсыз болдым. Мен барлық қыздарға өз сүйіктісін күтіп, махаббатын сақтауға кеңес беремін. Менің қатемді қайталамаңдар. Шынайы махаббат өмірде бір-ақ рет болады", - деп ойын түйді ол.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726447-kazak-kyzy-sjiktisi-tojga-aksa-zinap-zrgende-zge-zigitke-trmyska-sygyp-ketti/