Томирис Байсафаның әкесі ел білмеген жантүршігерлік жайттардың бетін ашты
Жарияланған күні:
Ресейде университет терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент қыздың әкесі алғашқы мәлімдемесін жасады. Дархан Қожабергенов қызының өліміне қатысты тергеу жұмыстарының әділетсіз түрде жүріп жатқанын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.
Ұзақ уақыт бойы тіс жармаған ер адамның шыдамы шегіне жеткен. Ол қызының өліміне қатысты жүріп жатқан тергеу жұмыстарына көңілі толмағанын айтты.
Нақтысында, істі қолға алған тергеушілердің дөрекілігі қайғыдан қан жұтқан әкенің ашуын келтірген.
"Тергеушілер дөрекілігі шектен асты. Біз олардан бірдеңе сұрасақ қатты жауап беріп, қоңырау шалғанда тұтқаны қоя салады. Мәскеудің Никулинск ауданаралық тергеу бөліміне барғанымызда бөлім басшысы қызымызды өзіне-өзі қолжұмсаушы деп айыптады. Оған қоса, жігіттің беделді отбасыдан шыққанын ашық мәлімдеді. Сенесіздер ма, олар еш ұялмастан жігіт жанұясының ауқаттылығын бізге тіке айтты", - деп хабарлады Дархан Қожабергенов.
Сонымен қатар, Томиристың әкесі қайғылы оқиғаға қатысты бұрын-соңды айтылмаған мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігінде ауруханаға бара жатқанда белгісіз біреулер бойжеткеннің жеке құнды заттарын шешіп алған.
"Біреулер Томиристың ессіз күйін пайдаланып оның бағалы жеке заттарын, қымбат әшекейлері мен аяқ киімін шешіп алыпты. Біз бұл сорақы жайттар жөнінде айтқымыз келмеген. Бірақ ақыры бізге дөрекілік танытып жатса, неге бей-жай отыруымыз керек? Біз арыз жаздық", - деп қосып айтты марқұм әкесі.
Қазіргі таңда, қыздарынан айырылған ата-ана Мәскеуден мықты қорғаушы іздестіріп жатыр.
"Біздің үнсіздігімізді көбісі дұрыс қабылдамаған. Адамдар біз Меджидов отбасымен жақсы қарым-қатынаста болып, олар ұсынған ақшаны ала сала ауыз ашпадық деп қате пікір таратып жатыр.
Біздің үнсіздігіміздің бір-ақ себебі бар. Қызымыздың өлімін қабылдай алмай қайғыдан қан жұтып жатырмыз. Алайда, оқиға ел алдына шығып біраз шу тудырған соң, мен тергеудің мәліметтерін жариялап отыруға шештім", - деп айтқан болатын анасы.
Айта кетейік, осыған дейін біз тергеудің тиісті деңгейде өтпей жатқаны туралы мәлімдеген марқұмның анасы Жанна Ахметова туралы жазған болатынбыз. Оның айтуынша, тергеушілерге ауқатты отбасы тарапынан қысым көрсетілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732576-tomiris-bajsafany-kesi-el-bilmegen-zantrsigerlik-zajttardy-betin-asty/