Алматыда байлардың үйін тазалайтын келіншек айына 200 мың табыс табуда
Жарияланған күні:
NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне жұмыс таба алмай аяғынан тозып, қалағанына енді ғана қол жеткізген қыз-келіншектер хабарласты. Олар Алматы қаласында жас өлшеміне қарамастан жұмысқа қабылдай беретін ұйым ашылғанына қуанды.
Best international ЖШС-ға қазірдің өзінде 200 қыз-келіншек жұмысқа қабылданған. Олар Алматы тұрғындарына үй және кеңселер тазалығы бойынша қызмет көрсетеді. Енді ғана ашылып жатқан ұйым қаладағы мыңдаған нәзік жандыға жұмыс тауып беруді көздеп отыр.
"Бұл жумыс студенттерге, үйде отырған аналарға, кей себептермен оқу оқи алмаған жандарға өте қолайлы. Себебі өзі-ақ бос уақытында клиенттен тапсырыс қабылдап, небәрі 1-2 сағат ішінде ақшасын адал жолмен тауып кете алады.
Жұмысқа келіп жатқан әйелдер өте көп. Көбісі несиесін жаба алмай жүргендер, балаларын өзі асырайтын жалғызбасты әйелдер. Сан түрлі тағдыр кешкендер бізге келіп, өз бетінше ақша табуға, ыңғайлы түрде еңбек етуге мүмкіндік алады", - дейді Best international ЖШС-нің қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша менеджері Гүлдана Дербисова.
Ұйымның басқалардан ерекшелігі - мұнда тапсырыс беруші де, қызмет көрсетуші де шығынға батып, тазалау компаниясы сияқты екі ортада компанияға ақша төлемейді. Тек өздері келіскен бағаға үйін жуып-шайып, тиісті еңбекақысын алып кетеді екен.
"Жасым 58-де болған соң қазір жұмыс табу өте қиын. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты ақша керек болды. Көбісі қазір алдап кеткісі келеді. Енді осы жерге кіріп, адамдармен бағасын алдын ала келісіп, ақша тапсам деп отырмын.
Бұрын түрлі мейрамханаларда аспазшы, бас аспазшы болып жұмыс істедім. Ал үй жинау деген күнделікті тірлігіміз ғой. Сондықтан бастысы адал жолмен ақша тапсам болды. Бос отырғанша жұмыс істейін. Адамдар шақырып жатса, үйді де жинаймын, дәмді тағам да пісіріп беремін", - дейді жұмысқа жаңаданм қабылданған әйел.
Егде жасқа келсе де, еңбек етуден жалықпаған әйел өз қатарластарын да осы жұмысқа шақырады. Ал отбасы үшін табаны тілініп, күні-түні жұмыс істейтін Бекзат есімді келіншек несиені жабу үшін қосымша жүмыс тапқанына қуанып отыр.
"33 жастамын. Үш баламды асырау керек. Жер алып, үй салу үшін несие алғанбыз. Енді күйеуім екеуіміз тоқтамай жұмыс істеп, аяққа нық тұрудың амалын жасап жүрміз.
Кей әйелдер жарын жамандап, құрбыларымен әңгіме айтудан қолы босамайды. Меніңше, біздер отағасына сүйеу болып, қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек. Мен бірнеше жерде жұмыс істеймін", - дейді ол.
Бекзаттың айтуынша, ол жас шағында жоғары оқу орнына түскенімен, отбасылық жағдайларға байланысты оны аяқтай алмай қалыпты. Бірақ дипломы болмаса да, маңдай терімен бала-шағасының несібесін тауып келеді.
"Сегіз жылдан бері тапсырыс бойынша үй тазалап беремін. Түрлі депутаттардың, өнер иелерінің үйіне бардым. Өмірде әртүрлі адамдарды кездестіріп жатамыз. Кей бірі еңбегімді бағалап, ақшамды рахметін айтып беріп жатады. Ал біреулер қосымша жұмыс істетіп, соңында оған төлемей жанжал шығарады.
Бір айлыққа қарап өмір сүре алмаймын қазір. Күнделікті тапсырысқа байланысты жұмыстан орташа есеппен бір айда 150-200 мың теңгедей табамын", - деп ақтарылды әйел.
Айта кетейік, тапсырыспен үй тазалау жұмысына қыз-келіншектер әлі де қабылданып жатыр. Best international ЖШС басшылығы маңдай термен ақша табуға келетіндерді алдын ала үйретіп, тапсырыс берушімен қалай сөйлесу керектігіне дейін түсіндіреді екен.
Жұмысқа орналасу үшін мына құжаттар мен анықтамалар керек: Жеке куәлік, мекен-жай туралы анықтама, денсаулығы туралы анықтама, флюрография және сотталмағанын растайтын құжат.
Жұмыс іздегендер үшін байланыс нөмірлері: 8 771 816 11 11; 8 707 260 31 79
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737009-almatyda-bajlardy-jin-tazalajtyn-kelinsek-ajyna-200-my-tabys-tabuda/