"Қытайлыққа тұрмысқа шықты" деп елді шулатқан қазақ қызы өз шындығын айтты
Жарияланған күні:
Қытайлық азаматпен бірге түскен суреті желіде шу болған ару қалайша басы дауға іліккенін және суретін ұрлап алғандарға қатысты қандай шара қолданғанын айтып берді деп хабарлайды Hola News-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.
24 маусым күні желідегі парақшалардың бірінде ұлты екі түрлі жұп құдалығының видеосы шақыру билетімен қоса пайда болды.
Билетте көрсетілгендей, үйлену тойы 21 маусым күні өтуі тиіс болған. Қалыңдықтың есімі - Ұлжан, ал күйебаланікі - Гохай.
HOLA News-ке желіде қыз талқыға түскен суреттегі бойжеткен берген сұхбатында оның есімі Ұлжан емес, Бақытгүл екенін және оның тойға да, қалыңдыққа да еш қатысы жоқтығын айтып берді.
"Сурет менікі. Мен Қытайда білім алғанмын, қытай тілін жетік білемін. Қазір Астанадағы қытайлық фирмада жұмыс істеймін. Бұл сурет жарты жыл бұрын қытайлық әріптесім екеуіміз бара жатқан іссапардың алдында жасалған. Бұл - жай ғана достардың суреті. Мен оны әлеуметтік желілерге жүктемедім. Себебі өзге ұлт жігітімен түскен суретіңді жарияласаң, жұрт сені қызу талқыға түсіріп, тіпті қылмыс ретінде де санауы мүмкін", - деді бойжеткен.
Бақытгүлдің айтуынша, ол суретті қытайлық мессенджер WeChat-қа салған. Оның ішінде көп жағдайда оралмандар отырады екен. Желіде тарап кеткен видеоның жанына менің суретімді қосақтап, әлдебіреулер таратып жіберген. Барлығы тұрмыс құрып жатқан Ұлжан суреттегі қыз деп ойлап қалған. Оның ойынша, оралмандардың біреуі осыны әдейі істеген.
Бақытгүл 23 маусым күні қалалық Ішкі істер департаментіне барған. Оның арызы сотта жатыр екен. Ойынша, сот оған көмек бере алмайды. Себебі фотоны ең алғашқы жариялаған парақшалар туралы ақпарат жоқ.
"Мен мүлдем басқа қалада тұрсам да, оларға еш қатысым жоқ болса да, осы даудың құрбаны болып қалдым", - деді бойжеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739071-kytajlykka-trmyska-sykty-dep-eldi-sulatkan-kazak-kyzy-z-syndygyn-ajtty/