Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәулен Алғазы: Қазақстанда танымал адам көз жұмбай, тірлік шешілмейді

Жарияланған күні:

Денис Теннің қапиядағы қазасынан соң көлік бөлшектерін ұрлаушылардың былығы әшкере болды. Екі қылмыскерді жедел ұстап, авто-бөлшек сататын базарды қолға алған билік басшыларын қоғам белсендісі сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ескендір, Денис Тен. Фото: Мәулен Алғазының Instagram парақшасынан алынды
Ескендір, Денис Тен. Фото: Мәулен Алғазының Instagram парақшасынан алынды: UGC

"Біздің елде танымал адамдар немесе олардың ет жақындары көз жұмбай, көп тірлік шешілмейтін боп бара жатқандай елестейді. Өткенде Сүлейменовтің немересін көлік қағып кетті деп жұрт өре түрегеліп, БАҚ бақыртып басып жатты. Кеше кісі қолынан жараланып, Денис Тен қайтыс болды. Бүкіл жұрт қайғыруда. Жұртпен бірге өре түрегеліп, бас прокурор да осы істі қолға алыпты.

Енді біз түсінбейтін мәселе, неге прокурор осылай қанды қолдан қаза тапқан әр азаматты өзі жеке тексерісіне алмайды? Күніне бірнеше Денис осылай қаза тауып жатыр емес пе?! Күніне бірнеше Сүлейменовті көлік қағып жатыр. Танымалдарға қатысты оқиғада қылмыскерлер де тез арада табыла кетеді. Қарапайым жұрттың өлімі жұмбақ боп жабыла береді. Сонда проблемалар тезірек шешілу үшін атақтылардың тезірек көз жұмуын күтеміз бе?

Бұл жерде Ескендір Сүлейменов немесе Денис Теннің әруағына тіл тигізуден аулақпын. Жандары жәннаттың төрінен орын алса екен!

Сосын, өлтіргендер қазақ екен, қазақ десең өзіңе тиеді деп мүләйімсіп жерге қарауға қарсымын. Өйткені олар "Мен қазақпын" деп кеудесін қағып, мақтанышпен немесе ұлтараздық өшпенділікпен өлтірген жоқ. Надандықпен, айуандықпен өлтірді. Жақсылықтың ұлт таңдамайтыны сияқты айуандық та ұлт таңдамайды", - деген қоғам белсендісі Алматыдағы бес жасар баланы қағып, кілемге орап, жол жиегіне тастап кеткендердің әлі табылмай жатқанын тілге тиек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743404-mulen-algazy-kazakstanda-tanymal-adam-kz-zmbaj-tirlik-sesilmejdi/