Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолға түскен Арман Құдайбергенов участкелік бөлімде ұйықтап, тіпті әзіл де айтқан

Жарияланған күні:

Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің 11 шілде күні автокөліктің айнасын ұрлап қолға түскенін айтқан болатынбыз. Осы оқиғадан зардап шеккен Сапар Шамшиев оның ұсталған сәтте өзін сенімді ұстап, тіпті әзілдегенін де шошына отырып, айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі
Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі: UGC

Алайда Құдайбергеновтен қолхат алған участкелік бөлімше қызметкерлері оны босатып жіберген.

Оқыс оқиға орын алып, күдікті қолға түскеннен соң Сапар Шамшиев 102-ге хабарласып, оларды бір сағаттан артық күткен. Мұнан ары күтуге шыдамы жетпеген зардап шегуші мен патрульдеушілер оны жақын маңдағы участкелік бөлімшеге алып барған.

"Біз участкелік бөлімшеге жеткенше, Құдайбергенов патрульдік көлікте емін-еркін ұйықтады. Ал участкелік бөлімшеде оның қолынан кісенді шешкен бойда, өзін еркін ұстап, кабинетке де оңай кірді. Ал тергеу сұрақтары жүріп жатқан сәтте, ол полицей қызметкерлерімен әзілдесіп те үлгерді. Ол участкелік бөлімшеде өзін үйінде жүргендей сезінді", - деп шошына айтып берді Сапар Шамшиев time.kz сайтына.

Сондай-ақ бөлімшеде Құдайбергенов Шамшиевтен ешқандай арыз жазбауын сұраған.

"Бір сәт "оны кешірсем бе" деп те ойладым. Бірақ оның жүзінен ешқандай өкінішті көрмедім. Ол қолынан келсе, келісім жасайтын, ал ортақ шешімге келе алмаса, пышақтап тастаудан тайынбайтын азамат", - деді Шамшиев.

Ескерту! Ақпаратты "Время" басылымының рұқсатынсыз көшіріп-басуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743941-kolga-tsken-arman-kdajbergenov-ucastkelik-blimde-jyktap-tipti-zil-de-ajtkan/