Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "көлік қаққан" сәби оқиғасы: Баланы өз әкесі таспен ұрған болып шықты (видео)

Жарияланған күні:

Алматы полициясы "көлік қаққан" төрт жасар Мұхамед Асқароғлының ісі бойынша қылмыстың бетін ашты. Балақайды туған әкесінің таспен ұрғаны анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Өз әкесі таспен ұрған: Алматыда "көлік қаққан" төрт жасар Мұхамедке қатысты қорқынышты жайттар анықталды
Алматыда "көлік қаққан" төрт жасар Мұхамедке қатысты қорқынышты жайттар анықталды: UGC

Қылмыстық полицияның білікті қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы Мұхаммедті "қаққан" қылмыскерді анықтады.

Балақай 16 шілде күні сағат 10:50-де Брянская және Одесская көшелерінің қиылысында ес-түзсіз күйінде табылған.

"Бастапқыда тергеу өзін куәгер ретінде таныстырған бойжеткеннің сөздерінен кейін жалған ізбен жүрді. Ол баланы қара түсті көлік қаққанын айтқан болатын. Кейін бұл ақпараттың жалған екені анықталды...

Нәтижесінде балақайды көлік қақпағаны белгілі болды: Мұхамед жол апатынан жарақат алмаған.

Бейнебақылау камерасы Мұхамедтің әкесі баласын жолдың бойымен өзі ертіп келе жатқанын түсіріп алған.

Алматыда "көлік қаққан" сәби оқиғасы: Баланы өз әкесі таспен ұрған болып шықты (видео)
Алматыда "көлік қаққан" сәби оқиғасы: Баланы өз әкесі таспен ұрған болып шықты (видео): UGC

Бірнеше минуттан кейін ер адам баланы қаңыраған жерге алып барып, ашу үстінде оны таспен ұрады.

Оқиға орнын жіті тексеру үшін шөпті шауып, қылмыс құралын таптық - әлгі тас пен оқиға орнында ересек адамның болғанын дәлелдейтін айғақтар", - дейді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Бүгінде Мұрат Асқар-оғлы қылмыс жасағанын мойындап отыр. Ол қылмыс жасағанда мас болғанын алға тартты.

Алматыда "көлік қаққан" сәби оқиғасы: Баланы өз әкесі таспен ұрған болып шықты (видео)
Алматыда "көлік қаққан" сәби оқиғасы: Баланы өз әкесі таспен ұрған болып шықты (видео): UGC
"Таңертеңнен ұрттап алдым, ұлым қасымда болды. Мазамды алды. Мен тасты алдым да, оның басынан ұрдым. Ол құлап түсті. Ал мен шошығаннан атобусқа отырып, жұмысыма қаштым. Сол жерде жуынып алдым.

Барлық қазақстандықтардан, полицейлерден, бізге көмектескен депутаттан кешірім сұраймын. Мен жазамды алуға дайынмын және кешірімге лайық емеспін", - дейді Мұрат.

Алматы қалалық ІІД мәлімдеуінше, кішкентай Мұхаммедті тапқан кезде астында болған кілемше оқиға орнына жақын жердегі үйде тұратын әйелге тиесілі екен. Далада жатқан сәбиді көргеннен кейін ол үйінен кілемшені алып шығыпты.

Естеріңізде болса, Брянская көшесінің қиылысында белгісіз біреулердің кішкентай баланы көлігімен қағып кетіп, тал түбіне тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Салдарынан сәбидің бас сүйегінің жарты бөлігі зақымданған еді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745315-almatyda-klik-kakkan-sbi-okigasy-balany-z-kesi-taspen-rgan-bolyp-sykty-video/