Әкесімен жасты қайын ағасына ғашық болған келіншек көптен кеңес сұрады
Жарияланған күні:
Атырауда тұрмысқа шыққанына он жылдың жүзі болып қалған отбасылы келіншек адам баласына тіс жармаған құпиясын ашты. Екі баланың анасы ұзақ уақыт бойы қайын ағасына ғашық болып келген. Келінінің сезімінен 50 жастағы ер адам мүлде хабарсыз деп жазады NUR.KZ.
Атын жасырын қалуын өтінген келліншек өз басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, бұл жағдайға қатысты басқалардың көзқарасын білгісі келген.
Айтуынша, он жылдан аса бақытты ғұмыр кешіп, екі баланы тәрбиелеп отырған әйел өзі білмей қайын ағасына ессіз ғашық болып қалды. Өз жолдасы вахталық жұмыс істегендіктен күйеуі отбасын айына бір рет қана көріп тұрады.
"Бізді асырау үшін барын салып жүр. Күні-түні жұмыс істеп әлек. Оған салар кінәм да жоқ. Ол керемет жан, адал серік, өнегелі әке бола білерлік азамат. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді ғой. Қалайша қайын ағама ғашық болып қалғаынмыд өзім де білмеймін", - деп айтты келіншек.
Екі баланың анасы өзінің 50 жастағы қайын ағасына сезімін білдірмеген, тек сырттай жақсы көріп жүрген көрінеді. Оған ғашық болғаны сонша, келіншек қоярға жер таппай жүр.
"Жас болса бір сәрі, қайын ағам елуден асып кеткен. Сырттай ғашық болып жүргенім үшін күйеуім мен абысынымнан қатты ұяламын. Алайда, ол кісіге деген сезімім соншалық , тіпті ажырасып кетуге де әзірмін", - деді әйел адам.
Отбасылы әйел өзін қатты сөкпеуін өтінді. Тағдыр талқысынан тығырыққа тірелген әйел енді не істерін білмей басы қатып жүргенін алға тартты.
"Әкемдей жасты адамға қалай ғашық болып қалғанымды да білмеймін. Ол кісіні көргенімде жүзіме күлкі үйіліп, біртүрлі күйге түсемін. Сезіміме қарсы тұра алар емеспін", - деп қайырды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748733-kesimen-zasty-kajyn-agasyna-gasyk-bolgan-kelinsek-kpten-kees-srady/