Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

52 өзбек азаматы бір жыл бойы аулада бұзылып тұрған автобусқа мінгізілген

Жарияланған күні:

52 жолаушысы тірідей өртеніп кеткен автобус оқиғасының сот отырысы жалғасу үстінде. Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Жүргізуші Нұржан Қырғызбаев, жүргізуші Мақсат Пернебеков пен жүргізуші Барат Таңатов, автопарк директоры Нұрлыбек Тілепбаев пен механик Бахадүр Пердебаев өзіне тағылған айыппен келіспейді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото:Актобе Таймс
Фото:Актобе Таймс: UGC

Былық автобустың Шымкент қаласынан шықпай тұрып басталғаны белгілі болды. Автобустың техникалық құжаттары дұрыс емес. Екі жыл бойы тексерістен өтпеген.

Ең сорақысы, бір жыл бойы жүргізушінің ауласында бұзылып, қаңырап тұрған автобус халықаралық сапарға шыққан. Көліктің істен шыққан құрылғылары үй жағдайында ауыстырылған. Прокурор айыптау қорытындысында өзбек азаматтары мінген автобусқа соңғы рет 2015 жылдың тамызында тексеріс жасалғанын хабарлады.

"Заң талабына сай жолаушылар тасымалдайтын құрал алты ай сайын тексерістен өтуге тиіс. Автобустың жарамсыздығы белгілі болса да, жүргізушілер Шымкент қаласынан Ресейдің Қазан қаласына жолға шыққан. Автобусқа жолаушыларды артық мінгізген. Халықаралық сапарға шығатындарын біле тұра, Шымкент қаласынан 149 теңгеге 650 литр маусымаралық жанармай сатып алынған. Автобусқа құйылған жанармай тек 15° аязға ғана төзімді", - дейді прокурор Усман Орынбасарұлы.

Сапарға шығу түгілі жолаушы тасымалдауға лицензиясы жоқ автобуспен халықаралық жолға шыққан жүргізушілер мен автопарк директоры және автобустың техникалық жағдайын қарауға міндеттелген механик сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

Автобустың бас жүргізушісі саналған Мақсат Пернебеков қасына жүргізулік құжаттары дұрыс емес, ауылдастарын ертіп алған.

Сот отырысы бүгін де жалғасады. Сот төрағасы алдымен жәбірленушілердің өтініші тыңдалатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750810-52-zbek-azamaty-bir-zyl-bojy-aulada-bzylyp-trgan-avtobuska-mingizilgen/