Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түскі ас 1000 теңге: Астана әуежайындағы бортсеріктер қалай тамақтанады?

Жарияланған күні:

Астана қаласының әуежайында ашылған арзан асханада түскі ас та, кешкі ас та 1000 теңге тұрады екен. Ал аталған дәмханадағы тағамдар қаншалықты тойымды? Бұл сұраққа әуежай асханасына барып қайтқан NUR.KZ тілшілері жауап береді.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Жаңа асхананы табу еш қиындық тудырмайды. Ол Қазақстанның ішінде ұшуға арналған ескі әуежай бөлігінде орналасқан екен. Кешқұрым уақытта бұл тамақтану орнында бортсеріктер көп жүретінге ұқсайды.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Дәмханаға кірген бетте көзге түсетін бағалар тақтайшасы көңіл қуантпай қоймайды. Өйткені, ондағы сандар тамақтардың әуежай үшін тым арзан екенін көрсетіп тұрады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Мысалы, мұнда борщ 370 теңге тұрса, тұшпара 400, ал кеспе 350 теңге тұрады. Асхана қызметкерлері екінші тағамға палау, тауық еті, қуырдақ немесе бифштексті 400 теңгеден, мәнтінің әр данасын 150 теңгеден ұсынады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Ал туралған көкөністердің бір тәрелкесін 300 теңгеге алуға мүмкіндік бар екен.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Осылайша, NUR.KZ тілшілері үш мәнті мен сорпа, борщ және үш тілік нан, екі тәрелке туралған көкөніс, сондай-ақ, екі сүтті шай мен "Напалеон" және "Қызыл барқыт" торттарының тіліктерін алған.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Нәтижесінде, екі журналист тағамының бағасы 2845 теңге болыпты. Десерттерді есептемегенде әр адамнан 1000 теңгеден шығады екен.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Тілшілер таңертең барғанда кофені 400-500 теңгеге алуға болатынын, негізі әуежайда ол 1000 теңге тұратынын айтты.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Салыстыру ретінде көрші асханаға кірген олар капучино мен латтенің 1000 теңге, шай 1200, круассан 700, ал чизкейк 1500 теңге екенін жеткізді.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Сондай-ақ, NUR.KZ тілшілері дәмханадағы "Напалеон" мен "Қызыл барқыт" торттарының дәмді екенін мойындады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752261-tski-as-1000-tege-astana-uezajyndagy-bortserikter-kalaj-tamaktanady/