Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бай-бағландар VIP той жасаудан шымкенттіктерді басып озды

Жарияланған күні:

"Шашылсаң, тойда шашыл", - дейтін қазақ тойда да бәсекелестікке жол беріп келеді. Отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізудің құны жыл сайын өсіп жатыр. Нағыз тойшыл шымкенттіктерден қалыспайтын алматылық ауқатты адамдардың аста-төк тойлары туралы NUR.KZ порталынан оқыңыздар.

Көрнекі фото: Kvent.kz
Көрнекі фото: Kvent.kz: UGC

Соңғы жылдары елімізде тойды барынша жоғары дәрежеде өткізу үшін арнайы орталықтар көптеп ашыла бастады. Осындай той ұйымдастыру орталықтарының бірі - «Өрлеу» агенттігінің басшысы Ринат мырза Алматыдағы қалтасы қалың көпшіліктің өткізетін тойлары туралы ашып айтты.

Ринат мырзаның той ұйымдастырумен айналысқанына он жылға жуық уақыт болған. Айтуынша, осы уақыттың ішінде елімізде той мәдениеті мен бәсекелестік қатар дамып келеді.

"Көбісі тойдың көкесі Шымкентте өтеді дейді. Алайда, алматылықтар да той жарыстан қалыспақ емес. Осы уақытқа дейін түрлі адамдардан тойға тапсырыс қабылдадық. Бюджеті 9-10 мың долларға дейін жеткен кездер де болды», - деп әңгімесін бастады ол.

Бүгінде халқымыз ең қуанышты күндерін естен кетпестей етіп өткізу үшін барын салады. Сондықтан той ұйымдастыру орталықтары кей кездері тапсырыс берушінің көңілінен шығу үшін еш жерде болмаған қызмет түрлерін ойлап табады.

"Мәселен, тойдың алдында ұлттық тағамдардан арнайы фуршет дайындап қоямыз. Ұлттық аспаптарда ойнайтын шағын оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста музыка ойнайды. Көпшіліктің ойынша бұл тойға кешігіп келуді жақсы көретін халқымыз үшін таптырмас идея. Себебі, тойға ерте немесе уақытылы келген қонақтар қазақы көйлек пен орамал таққан қыздың қолынан ұлттық астан дәм тата отырып, дәстүрлі ән-күйімізді тыңдап, тойдың басталуына дейін уақытты жақсы өткізеді», - дейді.

Кейде қазақтар ешкімнің тойында болмаған нәрсе жасау үшін тойға кететін шығынға да мән бермейді екен.

Көрнекі фото: tamashatoy.kz
Көрнекі фото: tamashatoy.kz: UGC
"Бізде VIP тапсырыс берушілер көп болады. Олар үшін той бюджеті мүлде маңызды емес, ең бастысы тойдың ойдағыдай өтуі. Бірде жай ғана той залының безендірілуіне он мың доллар ақша жұмсаған адам болды. Той иесі мейрамхананы толықтай тірі гүлдермен әсемдеді" - деп сөзін жалғастырды Ринат мырза.

Айта кетейік, Алматыда тойлардың басым көпшілігі танымал жұлдыздың қатысуынсыз өтпейді. Той басқаруды қолға алған әншілер мен актерлер, бір әнінің құны бірнеше мыңдаған долларды құрайды. Одан қалса алыс-жақын шетел жұлдыздары да жаз айларында Алматыдан шықпайды.

"Өздеріңіз білетіндей тойға Төреғали Төреәлі бастаған отандық әншілер, "Ялла" тобы, ресейлік жұлдыздар көп келеді. Қазіргі таңда кез-келген той иесі тек қана әншіге емес, бишілерге де қатты мән береді», - деп сөзін аяқтады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754943-almatydagy-baj-baglandar-vip-toj-zasaudan-symkenttikterdi-basyp-ozdy/