Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бұрынғы аудан әкімі мен орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында үш шенеунік пара алды деген күдікке ілінген. Оның ішінде ауданның бұрынғы әкімі Кәрім Жақыпов пен орынбасары Виталий Кушнер де бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан: UGC
"Теректі ауданының әкімі Жақыпов пен оның орынбасары Кушнерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар Қылмыстық кодекстің 366 бабы 2 бөлімі "Пара алу" бойынша күдіктелуде. Тексеру қорытындысы прокурор рұқсатымен жария етілуі мүмкін", - деді Батыс Қазақстан облысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің төрағасы Рустам Ақмырзаев.

Қазір Теректі ауданына Әділ Жоламанов әкім болып тағайындалып, Кәрім Жақыповтың өз еркімен қызметтен кеткені ресми түрде хабарланды.

Оның жұмыстан кетуіне денсаулық жағдайы себеп болған.

Виталий Кушнер болса өз жұмысын жалғастыруда. Алайда аталмыш жағдайға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Айта кетейік, 2018 жылдың қыркүйек айында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сүлеймен Бахытов қамауға алынған болатын.

Ол 7,1 миллион теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталуда. Аталмыш қаражат Федоровка ауылының жолын жөндеуге бөлінген.

Шенеунік мердігер компания өкілінен 100 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759983-bko-da-bryngy-audan-kimi-men-orynbasary-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel