Қарағанды тұрғыны жұмыртқадан "Алла" жазуын байқаған
Жарияланған күні:
Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны тауық жұмыртқасынан "Алла" сөзін байқап қалған. Ол бұл жазу Құдайдың белгісі екеніне кәміл сеніп отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Ойрат Мусин өз үйінің маңындағы кішігірім дүкеннен басқа азық-түліктермен қоса жұмыртқа да сатып алған. Артынша оның жұбайы барлық заттарды, жұмыртқамен бірге тоңазытқышқа салып қойған.
Азаматтың айтуынша, тауық жұмыртқасында ол уақытта "Алла" сөзі болмаған.
Отағасының сөзінше, жарты ай тәрізді сурет пен қасиетті сөз жұмыртқа бетінде бірнеше күннен соң пайда болыпты.
"Мен ондаған жұмыртқа сатып алғанмын. Бірақ оларда жазу болады деп ойлаған емеспін. Әйелім оларды тоңазытқышқа салғанда да сөзді байқамағанмын. Ол сонда үш-төрт күн тұрды.
Үш күн бұрын әйелім қамыр илемек болып тоңазытқыштан екі жұмыртқаны алды. Сол кезде олардың бірінде жарты ай тәріздес сурет пен бір жазу болды. Біз оның араб тіліндегі Алла жазуы екенін кейін аңғардық.
Жұмыртқада басқа да сөздер жазылған еді. Бірақ, біз оларды түсіне алмадық. Менің ойымша, бұл Алла Тағаланың белгісі", - деді Ойрат Мусин.
Ойраттың өзі діни адам емес. Ол мешітке барғанымен, жиі деп айтуға болмайды. Ал жұмыртқада пайда болған жазудан соң азамат бес уақыт намаз оқуды ойланып жүр.
"Мен жұмыртқаны мешіттегі имамдарға көрсеттім. Олар жазудың "Алла" деген сөзді білдіретінін айтты. Мүмкін бұл менің намаз оқуым қажет екенін білдіретін шығар.
Бұрын мен мұндай нәрселер көріп, тауып алған емеспін. Бірақ бірнеше ай бұрын түсімде белгісіз біреу маған түсініксіз тілде жазылған үлкен кітап беріп, "Оқы" деп айтқан. Мен сол кезде оқи алмайтынымды да жеткізгенмін, алайда екінші рет "Оқы" деген сөзді естідім", - деді Ойрат.
Қазіргі уақытта Ойрат ерекше жұмыртқамен не істеу керек екенін білмейді. Бірақ қарағандылық енді мешітке үнемі барып тұрады.
"Мен жұмыртқа туралы мақтану үшін айтқан жоқпын. Шынына келгенде бұл оқиға туралы көп адам білгенін қалаймын. Мұсылмандар жақсы істерді атқарып, мешітке барса деймін", - деді Ойрат Мусин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767789-karagandy-trgyny-zmyrtkadan-alla-zazuyn-bajkagan/