Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ер адамға түкірген полицейдің видеосы тарады (видео)

Жарияланған күні:

Желіде бір ер адамның өзге жігітке сес көрсетіп, ұрып, бетіне түкірген сәт бейнеленген видео таралуда. Бұл туралы Руслан Жанпейісовтың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Желіде түркістандық
Желіде түркістандық: Depositphotos

Роликте хабарлағандай бейнежазбадағы қатысушылардың бірі Шардара АІІБ патрульдік полициясының командирі.

ИА "NewTimes.kz"-тің хабарлауынша, болған оқиғаны Түрікстан облыстық полиция департаменті растаған. Аталмыш факті 8-ші желтоқсан күні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне "бұзақылық" бабы бойынша тіркелген.

"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізетін болады", - делінген ведомство хабарламасында

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768307-trkistan-oblysynda-er-adamga-tkirgen-policejdi-videosy-tarady-video/