Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тұрғын Елбасының құрметіне қызына ерекше есім қойған

Жарияланған күні:

Жамбыл облысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аты-жөнінен құралған "Нұрәбіназ" есімді қыз тұрады. Оны әкесі Елбасының құрметіне осылай атаған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: Instagram

Нұрәбіназ мемлекет басшысының есімі, әкесінің аты мен тегінің қысқартылған түрі болып табылады.

"Барлығы неге атың Нұрәбіназ деп сұрайды. Мен оларға әкем Елбасының аты-жөнінен осындай есім құрап, қойғанын айтамын. Ал үйде мені барлығы еркелетіп, Әбіш"деп атайды", - дейді жасөспірім қыз.

Нұрәбіназдан бөлек, Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 мыңнан аса балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен. Сондай-ақ, , Қазақстанда 90-нан аса Саммит есімді бала өмір сүреді.

Қазақстандықтар түрлі мемлекеттік мерекелерге орай, жаңа туған сәбилеріне Тәуелсіздік, Бәйдібекэкспо, Саммит, Нұротан, Теңге және Мәңгілік деген есімдерді де берген.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769363-zambyl-oblysynda-trgyn-elbasyny-krmetine-kyzyna-erekse-esim-kojgan/