Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абысындар корпоративі: Ұйымшыл ақтөбелік келіндер көпті тамсандырды (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбеде Елғондиндер әулеті "абысындар" корпоративін он жылдан бері өткізіп келеді. Бір үйдің тоғыз ұлының жұбайлары Жаңа жылдық кешті мейрамханада атап өтуді сәнге айналдырған деп жазады NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Абысындардан құралған келіндер тобы жыл сайын Жаңа жылда бас қосады екен.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Facebook
"Үлкен енеміз қайтыс болды. Алдымызда 80 және 77 жастағы абысындарымыз бар. Бір абысынымыз қайтыс болды. Мен бұл әулеттің төртінші келінімін. Менен кейін түскен тоғыз келін бар. Үлкен абысынды барлығымыз ене деп айтамыз. Жаңа жыл мен 8 наурыз мерекесін абысындар болып мейрамханада атап өтеміз. Бәрінің жолдастары апарып, алып кетеді. Бір-бірімізге сыйлық жасап мәре-сәре боламыз. Ал туған күндерді отбасында атап өтеміз", - дейді Макен Қызылғұлова.

58 жастағы Макен апа екі абысынының қасында өзін әлі келіндей сезінетінін жасырмады.

"Үлкен абысындарымызды енеміздей құрметтейміз. Өзім келін түсірсем де, абысындарымның алдында келінмін. Менен кейінгі келіндердің әрқайсысы әр үйдің түтінін түтетіп отырғандар. Бір ренжісіп көрген жоқпыз. Тоғыз келін де маған сәлем береді. Табақ алғанда сәлем саламыз. Ойылда негізі келін сәлем салмайды. Менің келінім Шалқардан. Шалқар деген қазақылығы бұзылмаған, халқы кең пейілді жер. Алтынгүл келінім үйге түскеннен бізге сәлем салды.  Оны көріп, барлық келіндерім сәлем салуды әдетке айналдырды", - дейді Макен апа.

Елғондиндер әулеті Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Амангелді ауылының тұрғындары.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Facebook
"Біртіндеп бәріміз қалаға жиналғаннан кейін Клара есімді келінім бірге қыдырып, бірге жүру идеясын ұсынды. Қуана қолдадық. Әйел үйдің берекесі. Біздің бірге жүруіміз ауызбіршілігімізді арттыра түсті. Міне, осылай бірге қыдырып жүргенімізге он жыл болды. Менің жұбайым әулеттің үлкені. Жолдасымды барлық келіндер "көке" деп атап кеткен", - деді Макен Қызылғұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771457-abysyndar-korporativi-jymsyl-aktbelik-kelinder-kpti-tamsandyrdy-foto/