Олжас Сүлейменов немересі Ескендірдің Еуропаға кетпегеніне өкініш білдірді
Жарияланған күні:
Ескендірдің өлімі туралы істі қайта қарау отырысы кезінде атасы Олжас Сүлейменов өзінің сөзін жазбаша сотқа тапсырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақын өзінің немересі туралы барлық ақпаратты айтып үлгере алмағанына өкінгенін жеткізді.
Сондай-ақ Ескендір дипломат атанып, мемлекеттен кетпегеніне налиды.
Жанұя өкілдері атасы мен немересінің арасындағы әңгімеден үзінді келтірді.
"Мүмкін дипломат болып кетерсің? Дипломатиялық академия ашылды. Білім алуға бір жерге барарсың. Сен 4 тілді жетік білесің", - деп Сүлейменов немересіне қарады.
"Бұл жерде бесіншісі қажет. Ол – қазақ тілі. Мен бұл тілді мүлде білмеймін. Көшеде тоқтап итальянша немесе французша жауап беріп көріңізші? Қазақ тілін үйреніп ал деген жауапты естисіз", - деді немересі.
"Зауытта үйрене алмайсың, ол үшін ауылға бар", - деді Сүлейменов.
Ақын айтқанын жасата алмағына өкінетінін айтты.
"Қазір жүргізушілердің құқығын бұзбайтын және мотоциклшіні өлтірмейтін тыныш елдердің бірінде жүретін еді. Жол қозғалысы ережесін сақтайтын еуропалық елде қызмет ететін еді", - деп Олжас Сүлейменов заңгерлерге жазбадан үзінді келтірді.
Ескендірдің отбасы өкілдері ата-анасының үкімді дұрыс деп санайтындығын және Малика Мұхитованы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрайтындығын айта кетті.
Сондай-ақ со отырысында Малика Мұхитованың Ескендірдің моласына барып кешірім сұрағаны белгілі болды.
Аппеляциялық қайта қарау бойынша сот 11 қаңтарда жалғасын табады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771539-olzas-slejmenov-nemeresi-eskendirdi-europaga-ketpegenine-kinis-bildirdi/