Алматыда адам өліміне кінәлі болған хирург жазадан босатылды
Жарияланған күні:
Алматыда липосакциядан кейін көз жұмған Украина азаматшасы Дана Агамурадованың ісіне қатысты сот отырысы өтті. Пластикалық хирург Дмитрий Писарев науқастың өліміне кінәлі деп табылды, бірақ уақыт мерзімі өтіп кеткендіктен жазаланбады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, 2018 жылдың желтоқсанның ортасынан бері сотталушының сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты дәрігерлік қызмет атқара алмайды.
Ведомство алдағы уақытта сотқа жүгініп, дәрігер болып істеуіне тыйым салуды көздеп отыр. Дмитрий Писарев істейтін емханаға арнайы хат жіберіледі.
Сот тыңдалымы екі ай бойы жүргізілген. Өтемақы ретінде жәбірленуші тарап 50 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот үкімі бойынша, дәрігер үш миллион төлеуге міндеттелді.
Еске сала кетейік, Дана Агамурадова денесін қалпына келтіру үшін Дубайдан Алматыға арнайы келген. Бұл 2016 жылы болған. Операцияны Дмитрий Писарев жүргізген. Содан кейін әйел адамның денсаулығы күрт нашарлап, жарты жылдан кейін ол көз жұмған.
Дәрігерге өз ісіне салғырт қарағандықтан науқас өліміне себеп болды деген айып тағылды. Алайда Дмитрий Писарев өз кінәсін мойындамады. Ол барлық талаптарға сай жұмыс істегенін мәлімдеді.
2018-ші жылы Писарев омырауына ота жасаған Лаура Ізбасарова қайтыс болды. Ота кезінде әйел адам тұншығып, есінен тана бастаған. Бірнеше сағаттан кейін ол көз жұмды.
Дереккөз: КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771584-almatyda-adam-limine-kinli-bolgan-hirurg-zazadan-bosatyldy/