Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық кейуана 28 жыл көріспеген ұлымен қайта қауышты

Жарияланған күні:

Түркістандық әжей Гүлнәр Тәжібаева осыдан 28 жыл бұрын үйден кетіп, қайта оралмаған ұлымен қауышты. Ол осы күнге дейін он бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана Украинаға келінімен кеткен тұңғышымен жылап көріскен деп хабарлайды "Қарекет" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:"Қарекет" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото:"Қарекет" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Әжейдің үлкен ұлы Қалыбек Украина жерінде отан алдындағы борышын өтеп жүріп, Света есімді аруға ғашық болады. Кейін оны өзімен бірге ала келіп, отбасымен таныстырады. Гүлнәр Тәжібаева келінінің өзге ұлт өкілінен болғанын қабылдай алмағанын жасырмады.

Араға бірнеше ай салып келіннің анасынан ауырып жатқаны туралы жазылған телеграмма келеді. Осыдан кейін Қалыбек пен Света шұғыл Украинаға кетуге мәжбүр болады.

Фото:"Қарекет" бағдарламасынан
Фото:"Қарекет" бағдарламасынан: Instagram

"Баламды ерегесіп "Бармайсың" деп жібермеуге тырысып бақтым. Жіберсем, біржолата айырылып қалатындай болдым. Әкем маған қарсы шығып, жіберуім керектігін айтты", - дейді көз жасына ерік берген кейуана.

Гүлнәр Тәжібаеваның күйеуі тұңғышымен қайта қауышуды армандап дүниеден өтеді. Бауырларының Қалыбекті іздемеген жері жоқ. Ал әулеттің келіні Гүлнәр Айдарова, расымен де, енесінің украин келінді қабылдай алмағанын айтады.

"Бірнеше ай қолда тұрып, кейін енем "Ұлға да, келінге де сендім" деп ақыры жіберді. Іштей жібергісі келмеген еді. Анамның әкесі қарсы болды. Қайын ағам қайтып келіп, осы жерде алты айдай жүрді. Кейін қайта кетіп, екінші қызы дүниеге келгенге дейін хат-хабар алмасып тұрдық. Содан бері 25 жылға жуық уақыт хабар жоқ", - дейді ол.

Гүлнәр Тәжібаева ұлын іздеп 1995 жылдың аяғында хат жазады. Осыдан кейін ағасының жалғыз қызы Гүлмира қайтыс болғанда тағы хат жазды. 1993 жылдың 13 қарашасында отағасы қайтыс болып, сол туралы жазған кезде де, хатқа жауап келмейді.

Кейін 2012 жылы өзі ауырып ауруханада жатқанында ұлының хабары келеді.

"Мен жансақтау бөлімінде жатқанымда 1984 жылғы қызым жылап келді. Арыстық жігіттің ұлым туралы хабар әкелгенін айтты. Басқа неше түрлі жаман ойлар келді. Содан қызым Қалыбектің өзі туралы айтып, телефон нөмірін бергенін жеткізді.

Ұлыммен сөйлескен едім, менен кешірім сұрады. Әйелімен неліктен ажырасып кеткенін сұрамауымды өтінді. Осылайша екі жылдай хабар алмасып тұрып, кейін тағы жоқ болып кетті. Осы баламды көруден артық арман жоқ еді менде. Аман болса, бір көруді тіледім", - дейді түркістандық әжей.

Айта кетейік, "Қарекет" бағдарламасының журналистері Украина жерінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Қалыбекпен жолығады. Қалыбек неше жыл істете алмаған төлқұжатты журналистер небәрі бір жарым сағат ішінде жасатып, ер адамды Қазақстанға алып келеді.

Қалыбек Айдаров осы күнге дейін жұмыс таба алмай, тіпті, көшеде жатқан күндерінің болғанын айтады.

"Анам мен іні-қарындастарымды сағындым. Үйге қайтқым келеді. Жаңа телефонмен сөйлескен кезде анам жылады. Мұнда мені ешкім жұмысқа алмайды. Үйіне кіргізген Людмила апайға көп рахмет. Ал әйеліммен ажырасып кеттік. Пәтерді мемлекет тартып алды.
Бұдан кейін ешқайда бармаймын, Қазақстанда қаламын. Құдай қаласа, осы жерде боламын. Туған жердің қадірін енді түсініп жатырмын", - дегді Қалыбек Айдаров Алматыдан түсе сала, жерде жатқан қарды аузына салып жіберген.

Осылайша Қалыбек Айдаров 28 жыл бойы көрмеген анасымен бағдарлама студиясында қауышқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771596-trkistandyk-kejuana-28-zyl-krispegen-lymen-kajta-kauysty/