Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда батальон командирі мен орынбасары 9 млн теңге жинаған (видео)

Жарияланған күні:

МҚІСЖҚІА қазақстандық Ішкі істер министрлігінде ірі параны тіркеді. Алматы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілініп отыр. Олар өз қарамағындағы жұмысшылардан шамамен 25 мың доллар жинаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Жедел түсірілімнен кадр
Фото: Жедел түсірілімнен кадр: UGC

МҚІСЖҚІА хабарлағандай, Алматыда күдікті ретінде танылған ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оларға қоластындағылардан 24,9 мың доллар, теңгеге шаққанда 9,4 млн теңге жинады деген айып тағылып отыр.

Лауазымды тұлғалар бұл ақша үшін өз қарамағындағыларға қызметте қамқорлық жасауға уәде берген.

Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де қамауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771705-almatyda-batalon-komandiri-men-orynbasary-9-mln-tege-zinagan-video/