Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінде газ жарылған ақтөбелік отбасы қыс ортасында далада қалды

Жарияланған күні:

Ақтөбе қаласында саяжай аумағында тұратын Омаровтар отбасы қыс ортасында далада қаңғып қалды. Ас бөлмеде жарылған газ балоны бір сәтте үйді өмір сүруге жарамайтын үйіндіге айналдырған деп жазады NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Жарылыстан кейін үйдің төбесі ортасына түсіп, терезелері сынып, іргетасы мен қабырғасы ажырап жатыр. 

Үй иесінің беті мен қолын күйік шалып, ауруханаға түскен.

"Оқиға төртінші қаңтар күні, түңгі сағат 23:30 кезінде болды. Газ балон атылғанда үйдің бәрін төңкеріп жіберді.  Сол кезде ата-енем ас бөлмесінде, жолдасым екеуміз қонақ бөлмеде теледидар қарап отырған болатынбыз. "Тарс" еткен қатты дыбыс шыққанда алғашында сыртта атылған оқ немесе жаңа жылдық отшашу деп ойладық. Бірақ, бірден қабырғалар қақырап, терезелер сынып қалды.  Сол кезде "Өрт, газ балон атылды, шықпаңдар" деген әкемнің дауысы естілді. Біз терезеден секіріп шықтық. Енді қазір далада қалып отырмыз. Қолынан жарақат алған енем үйден ем алып жатыр", - дейді Әсел Омарова.

Ер адам атылған газ балонды сыртқа лақтырып үлгерген. Бірақ үйі тұруға жарамсыз болып қалған.

"Бірнеше жыл жүріп өздері салған үй еді. Бастарында несиелері бар. Жағдайлары қиын болып тұр. Оқиға болған күні барлығы келді. Артынша ешкім хабарласпады. Ағам ауруханада жатыр", - дейді үй иесінің бауыры Аманбай Омаров.
Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Дәрігерлер ауруханаға түскен ер адамның жағдайы қалыпты екенін айтады.

"Науқас тұрмыстық жағдайда  күйік жарақатын алған. Ер адам беті мен екі қолынан І, ІІ дәрежелі күйік алған. Жағдайы орташа ауырлықта", - деді дәрігер травматолог Әділбек Қаражанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771926-jinde-gaz-zarylgan-aktbelik-otbasy-kys-ortasynda-dalada-kaldy/