Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құшағына тартты": Өзінен 10 жас үлкен жездесін ессіз ұнатқан ару сырын ашты

Жарияланған күні:

Өзінен 10 жас үлкен жездесіне ғашық болған бойжеткен қазір күйзелісте жүргенін айтып, мұңын шақты. Ол бойын билеген махаббат сезімінен құтылу үшін тұрмысқа да шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасына" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: craigbeck.com
Көрнекі фото: craigbeck.com: Facebook

Ғашықтық дертіне шалдыққан ару жастайынан өзінен 10-15 жас үлкен жігіттермен сөйлесетін болған. Алайда, ол күндердің күнінде өз жездесіне ғашық боламын деп ойламаған екен.

Жағдайдың барлығы бойжеткеннің өзінен бес жас үлкен әпкесі үйіне жолдасын әкеліп, барлығымен таныстырған кезде басталған. Сол кезде сырт келбеті келіскен, өзінен 10 жас үлкен жездесінің бейнесі арудың жүрегін елжіретіпті.

Осыдан бастап бойжеткен жездесін туған әпкесінен қызғанып, іштей күйіп жүреді.

"Ол әпкемді құшақтап, оған қамқорлық танытқан сайын менің жыным келеді. Сыртқа білдірмеймін, әрине, бірақ ішім удай ашитын. Жездем бізді де, балдыздарын жақсы сыйлап, келген сайын сыйлығын әкеліп, көңілімізді табуға тырысады. Әпкем мен жездемнің тұңғыш сәбилері дүниеге келгенде мен шын қуана алмадым, көңілім құлазып, біртүрлі тұншығып кеттім", - дейді ол.

Өзін ғашықтық дертінен айырмақ болған бойжеткен басқа жігіттерден медет іздеуге тырысады. Алайда, оның көңілі басқа ешкімді қаламайды.

Осындай күндердің бірінде ауылда үлкен той болып, әпкесі мен жездесі ғашық бикештің үйіне келген. Сол түні көңіл көтеріп, артынша бір бөлмеге барып ұйықтап қалған жездесін көрген ару өз-өзін ұстай алмай оның ернінен сүйіп алған.

"Түпкі бөлмеге кірсем төсектің үстінде жездем ұйықтап жатыр екен. Аздап қызып қалған соң демалып алмақ болып жантайған секілді. Мен оған ұзақ қарап тұрдым да, шыдамым таусылып, ернінен сүйіп алдым. Ол мені әпкем екен деп қалса керек, құшағына тарта түсті. Бір кезде көзін ашып қалып, мені көріп орнынан атып тұрды. "Кешір, айналайын, сені Бақытгүл екен деп қалсам" деп әбден абдырып қалды. Мен үнсіз бөлмеден шығып кеттім", - дейді бикеш.

Жездесін ұмыта алмаған бойжеткен өзін сүйетін жігітке тұрмысқа да шыққан. Дегенмен көңілі басқаны қаламаған ол күнде жездесін ойлап жататын көрінеді. Сондықтан болар, екі жыл отау құрса да, бір сәби де өмірге әкелмеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772026-zinen-10-zas-lken-zezdesine-essiz-gasyk-bolgan-aru-zan-syryn-aktardy/