Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада тылсым күш маза бермейтін үй жайлы не білеміз? (фото)

Жарияланған күні:

Қызылорда қаласы "Арай" мөлтек ауданында орналасқан екіқабатты коттедж үйді көпшілік жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында бой көтерген нысанға қатысты түрлі әңгімелер әлі күнге дейін басылар емес. Халықтың арасында "әруақтар" жайлаған үй деп аталып кеткеніне де көп уақыт болған деп жазады NUR.KZ.

Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ
Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ: Depositphotos

"Әруақтар" жайлаған үй деп аталып кеткен бұл баспана 2000 жылдардың басында салынған. Тұрғындар нақты уақытын айта алмайды. Коттедж заманауи талаптарға сай салынғанымен, онда ешкім тұрмайды.

Есігі күндіз-түні айқара ашық, терезелерінен түк қалмаған. Қабырғалары балағат сөздерге толған. Бірнеше жыл бұрын себептен-себепсіз от тұтанып, үйдің шатыры өртенген. Сол кезде жергілікті тұрғындардың үрейі ұшқан екен.

Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ
Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Бастапқыда бұл коттеджде адамдар тұрған деп естідік. Бірақ, көп ұзамай олар көшіп кетіпті. Тылсым күш маза бермеген екен. Түн ішінде үй жиһаздары өз-өзінен қозғалып, терезелері сына берген. Балаларын шошыта берген соң, арттарына қарамай қашып кетіпті", - дейді сол маңда тұратын тұрғындардың бірі.

Ең қызығы, әруақ "қоныстанған" үйдің жанында жол апаттары да жиі орын алады екен. Бұны жүргізушілер де растап отыр.

Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ
Қызылордадағы атышулы үй. Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Алайда, тылсым күшке сенбейтіндер коттеджді сатып алуға да ниет білдіреді екен. Бірақ жылжымайтын мүліктің иесін табудың өзі өте қиынға соғатын көрінеді.

"Негізінен бұл үй банкте кепілдікте тұр деп естідік. Иесі сатып алушыларды қашыру үшін, осындай аңыз ойлап тауыпты. Ара-арасында иесін іздеп келетіндер бар. Бірақ біз оны ешқашан көрген емеспіз. Осы жерден өтетін шопырлар тілдерін кәлимаға келтіріп өтетіндері рас", - дейді тағы бір тұрғын.

Дегенмен тылсым күш туралы аңызға сенімсіздікпен қарап, сенбейтін жандар да кездеседі.

Ескерткіш. Фото: NUR.KZ
Ескерткіш. Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Олардың пікірінше, бұл коттеджді салғанда құрылысқа қажетті шеге құм жанындағы ескерткіштен алыныпты. Ал онда саяси қуғын-сүргін құрбандарының мүрделері қайта жерленген. Содан әруақтар мазалап жүрген секілді.

Тұрғындар құрбандық шалып, иіс шығарса паналауға болатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772611-kyzylordada-tylsym-ks-maza-bermejtin-j-zajly-ne-bilemiz-foto/