Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12-ші қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірлерде қар жаумақ

Жарияланған күні:

12-ші қаңтар күні еліміздің басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне орай ауа райы көрсеткіші құбылмалы. Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын-шашын болып өтпек. Тек қана оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел күтілуде деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтемем жасаған NUR.KZ.

Фото: glavred.info
Фото: glavred.info: Facebook

Батыс Қазақстан облысының кей кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын орын алмақ. Бұл өңірде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысын да тұман басып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Күндізгі уақытта жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Оған қоса, таңертең және түнде кей жерлерге тұман түседі деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін қатты жел болмақ.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында да тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеймек.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ орын алмақ. Түнде және таңертеңгі уақытта жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Алматы облысының бірқатар аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады деп күтілуде. Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Қызылорда облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772830-12-si-katarga-arnalgan-aua-rajy-bolzamy-birkatar-irlerde-kar-zaumak/