Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дінмұхамед Қонаевтың немересі оның туған күнінде мұрағаттағы суреті пен видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Танымал саяси қайраткер әрі екі мәрте Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Қонаевтың немересі оның туған күніне орай мұрағаттағы видео мен суретті жариялады. Ол атасының еш жерге шықпаған бейнематериалдарымен бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Отбасылық мұрағаттағы материалдарды Димаш Қонаев өзінің Facebook парақшасына жүктеп қойған.

"Бүгін Дінмұхмед Ахметұлы Қонаев, менің үшінші алам, біздің Димаш атамызға 107 жас. Ол қайтыс болғанда мен жеті жаста болатынмын. Алайда, мен оны аса жылы, қамқор әрі ақкөңіл адам ретінде есімде мәңгі сақтап қалдым" , - деп жазған саясаткердің немересі.

Әйгілі қоғам қайраткерінің немересі бұрында атасының үйіне қонаққа барып, сағат бірде дастархан үстінде жиналатынын еске алды.

"Дәл сол кезде маған фотоапарат сыйға тартты. Мен суретке түсірумен қатты қызығып кеттім. Жүгіріп жүріп түрлі фото жасайтынмын. Сол себепті мен түсірген суреттердің басым көпшілігі аса сапасыз. Алайда, олардың арасында жақсы шыққандары да бар. Солардың бірі Димаш атамның 1993 жылдың 7-ші тамызында жасалған фотосы. Оның қайтыс болуынан екі апта бұрын" , - деді Димаш Қонаев.

Оған қоса, қайраткердің немересі танымал атасының құрметіне арналған парақша ашып қойғаны туралы хабарлады. Ер адам ол жерге Қонаевтың тың суреттері мен видеоларын жүктеп тұруға ниетті екенін білдірді.

Ол жерде Дінмұхамед Қонаевтың 1992 жылдың қаңтарында ғылым академиясында сөз сөйлеген сәтінің видеосы жарияланды. Ғалымдар әйгілі саясаткерді 80 жасымен құттықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772861-dinmhamed-konaevty-nemeresi-ony-tugan-kninde-mragattagy-sureti-pen-videosyn-zarialady/