Астанада көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған ер адам құтқарылды (видео)
Жарияланған күні:
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің шатырына шыққан ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Өтіп бара жатқан астана тұрғыны оны көріп, екі сағат бойы секірмеуге көндіруге тырысқан. Қолайлы сәт туғанда оны ұстап, құтқарып қалған деп жазады NUR.KZ.
«Қажет емес, бауырым, секірме. Кел, сөйлесейік», - деп Азат есімді азамат өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды райынан қайтаруға тырысқан. Құтқарушы жігіт болған жайттың бәрін видеоға түсіріп алған.
Видео астаналық Instagram пабликтеріне тарап кеткен.
Куәгерлердің сөзінше, оқиға Астана қаласындағы Иманов пен Жұбанов көшелеріндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
«Балаларың бар ма? Не болды? Кел, сөйлесейік. Не қалайсың?», - деп видеодағы жігіттің шатыр төбесінен секіруге бел буған ер адамның көңілін аулап тұрғанын көруге болады.
Секіруге ниеттенге ер адам бір нәрсе айғайлап, шатырдың шетіне біресе жақындап, біресе кейін шегінеді. Ол 10 қабатты үйдің шатырында тұр.
Құтқарған Азам есімді жігіттің айтуынша, ол екі сағат бойы ер адамды сөзбен алдандырып, қолайлы сәт туғанда оны ұстап, жерге құлатқан. Сосын полиция қызметкерлері оған көмекке келген. Ер адамды полиция бөлімшесіне әкеткен.
«Ана ақымақты әкетіп барады. Оны екі сағат бойы көндірдім. Мен бүгінгі күннің қаһарманымын», - деп күледі видео авторы.
Сол сәтте өзіне қол жұмсаған ерді полиция көлігіне отырғызып әкетеді. Оны құтқарған кезде қараңғы түсіп үлгерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773398-astanada-kpkabatty-trgyn-jdi-satyrynan-sekirmek-bolgan-er-adam-ktkaryldy-video/