Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәпсіме ие болмадым": Көрші әйелді жүкті қылған ер адам көптен көмек сұрады

Жарияланған күні:

Басқа келіншекпен көңіл жарастырып, оны жүкті қылып қойған азамат өз отбасынан айырылып қалғысы келмейді. Оған қоса, оның жары мен ашынасы бір-бірін жақсы танитын болып шыққан. Тығырыққа тірелген ер адам өзінің махаббат оқиғасынан сыр шертіп, көпшіліктен көмек сұрады деп жазады alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: psyhelp-shmeleva.com
Фото: psyhelp-shmeleva.com: Facebook
"Оқиғаның бәрі жаңа пәтерге көшуімізден басталды. Жаңа үйде жаңа көршілермен таныстық. Енді ғана қоныстанғандықтан бір-біріміздің үйімізге кіріп "құтты болсын" айтып кіріп шықтық.

Бізге қарама-қарсы орналасқан пәтерге жалғызбасты ана көшіп келіпті. Оның жұбайынан біраз жыл бұрын ажырасып кеткенін маған әйелім айтты.

Мән бермедім. Оның ұлы біздің баламен шамалас. Үнемі бірге ойнайды. Көрші әйелдің бізге деген сәлемі түзу болды.

Оның жасы отызға жетпеген. Бет-әлпеті, дене бітімі нағыз бабында болған. Кейде келіп, "аға ананы көтерісіп, мынаны қағып беріңізші" деп келіп те тұратын" , - деп бастады әңгімесін азамат.

Оның айтуынша, сұлу келіншек көмек сұрап келгенде ол" жоқ" деп айта алмаған. Бірнеше мәрте көршілік парызын өтеген ер адам мен жалғызбасты ананың арасында жұмбақ сезім пайда болыпты. Олар тіпті бір-бірін көрмесе тұра алмайтын халге жеткен.

Ал әйелі ол келіншек жайлы әңгіме қозғағанда күйеуі ол тақырыптан қашқақтайтын болады. Айтуынша, артық нәрсе айтып қойып, өз опасыздығын білдіріп қоюға қорыққан көрінеді.

"Әйелім күні бойы жұмыста, мен болса үйден тапсырыс орындап ақша табамын. Үйден жұмыс істеймін. Ана әйел де көбінде пәтерінде жүреді. Бір күні арамыздағы әлгі сезім төсекке әкеліп тіреді.

Тіпті аптасына бірнеше рет төсектес бола бастадық. Біраз уақыт жалғыз жүргендіктен бе, көрші әйелдің еркек құшағын сағынып қалғаны байқалды.

Оңаша кездесе қалсақ бірден құшағымыз айқаса кететін. Бұдан кейін жарымның бетіне қараудан қалып, ұяттан жерге кіріп кетердей болып жүрдім. Жұбайымның көзіне осылайша шөп салып кетемін деп ойламағанмын" , - деп ағынан жарылды ер адам.

Отбасылы азамат пен көрші келіншектің қарым-қатынасы күннен-күнге күшейе берген.

"Біздің үйге келіп, менің әйеліммен түк болмағандай шай ішіп отыра береді. Өзі сырға берік қатты жан екен. Оның жанында мен жарымның түріне қарай да алмай жүрмін. Менің әйелім болса, ештеңені сезер де емес.
Өткен аптада көрші келіншек бір хабар айтып, төбемнен жай түсірді. Ол маған жүкті болып қалғанын айтты. "Менен емес шығар" деп айттым. Ол болса, менен басқа ешкіммен төсектес болып жүрмегенін жеткізді" , - дейді азамат.

Ер адам бірден ашынасына ақша ұсынып, баланы алдыртып тастауға кеңес берген. Оның бұл ұсынысына көрші әйел "жоқ" деп жауап қайтқан.

"Отбасымнан айырылып қалуға қатты қорықтым. Сол үшін түсік жасату керектігін айтқанмын. Ол болса маған "мұны маған жоламас бұрын ойлану керек еді. Енді бәрі кеш.

Баланы алдырмаймын. Өйткені сен маған ұнайсың. Сенен бала сүйгім келеді. Мына ұлымның артынан еріп жүрер қарындас не іні керек. Ақырын жайлап әйеліңе айтайық. Білімді, ақылды адам ғой. Айтқанды түсінер. Бәрін кешірер.

Ал сен екі үйдің ортасында жүре бересің. Қазір екі әйел алып жатқандар аз ба? Түк етпес" деп өз ойын айтты" , - деді ер адам.

Тығырыққа тірелген азамат ашынасының бұл айтқанына ашуланып, оған айқай салып кетіп қалған.

"Содан бері бір апта болды. Басым әбден қатып кетті. Не әйелімнің бетіне қарай алмай, не көрші келіншекке нақты жауап бере алмай басым қатып жүр. Не істесем болады? Кім қандай ақыл бере алады? Нәпсіме ие бола алмай, ойнақтап жүріп, орға түсті деген осы екен" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773416-npsime-ie-bolmadym-krsi-jeldi-zkti-kylgan-er-adam-kpten-kmek-srady/