Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында төрт баланың анасы шатыры тесілген үйде күн кешуде (фото)

Жарияланған күні:

Қарағанды облысы Абай қаласында жалғызбасты ана қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Күйеуі қайтыс болған әйел төрт баланы 34 мың теңге жәрдемақымен бағып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook

ПМК берген пәтердің ескіргені соншалықты - шатыранан аспанды көруге болады.

"Біз өмір бойы осындай қиын жағдайда өмір сүрмедік. Мен үлкен бақытты отбасы болуды армандадым. Кезінде сауда саласында қызмет етіп, көп қаражат тапқан болатынмын.
Күйеуім де еңбектенді. Бірақ алты жыл бұрын жолдасымды өлтіріп кетті. Сол уақыттан бері балаларымның әкесі де, анасы да - мен", - дейді 38 жастағы төрт баланың анасы Любовь Литвинова.
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook

Пәтер ескірген. Еден шіріп, қабырғалар көгерген. Ал шатыры шұрқ тесік. Отбасы мүшелері жауын-шашыннан қорқады. Жаңбыр мен қар кезінде үйді толығымен су басады.

"Тоғыз жастағы қызым қатты ауырады. Оған оң бүйректің дисплазиясы, қалқанша бездің гипоплазиясы және ұйқы безінің артық кірісі деген диагноз қойылған", - деп мұңын шақты жалғызбасты әйел.

Төртеуі де мектепке барады. Мектеп әкімшілігі балаларыма демеушілер тауып берген. Олар үнемі балалардың киімі мен кеңсе тауарларына алып беруге көмектеседі.

Демеушілердің көмегінсіз жалғызбасты анаға балаларын оқуға жіберу қиынға соғады. Оның жалғыз кірісі - 34 300 теңге жәрдемақысы екен.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook
"Маған ақша қажет емес. Егер бізге біреу көмектіскісі келсе, құрылыс материалдарын алып беруді сұраймын. Бұлай жалғасса отбасымыз болып ауырамыз. Дымқыл, сыз, көгерген баспана мені қатты алаңдатады.
Мемлекеттен көмек сұрап, Абай қаласының әкімдігінде болдым. Шенеуніктер демеуші табамыз деп уәдесін берген, бірақ әлі табылған жоқ", - деді төрт баланың анасы.

Любовь Литвинова нөмірі: 8 708 952 27 91.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773442-karagandy-oblysynda-trt-balany-anasy-satyry-tesilgen-jde-kn-kesude-foto/