Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяқ-қолы істемей қалған азамат жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Астанада құрылыс жүріп жатқан нысандардың бірінде жарақат алған екі жұмысшы әлі күнге дейін өтемақы ала алмай отыр. Тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлаған құрылысшылардың бірі төсекке таңылса, екіншінің туыстары мердігер компанияның табылдырығын тоздырған. Ал нысанға жауаптылар болған іске жұмысшылардың өздерін кінәлауда деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: Арал Жүсіпов. Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Арал Жүсіпов. Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: Facebook

"Өндіріс" тұрғын алабында жұмыс істеген Бақытжан Шындалиев пен Арал Жүсіпов құрылыс барысында үшінші қабаттан құлап кеткен. Олардың айтуынша, болған жағдайға қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себепкер болыпты.

"Қол-аяғым істемейді. Екі аяғым үлкен аяқ киім киіп жүрмін. Зорға киемін. Киіп жүрмін, шешерде тағы қиналамын. Міне қолым істемейді. Былай ашылмайды. Басында айтқанбыз, "каска" әкеліңдер, "пояс" әкеліңдер деп, арқан болуы керек негізі. Әне-міне деп жүрді. Сондай жағдай болып отыр" , - дейді зардап шеккен құрылысшы Бақытжан Шындалиев.

Ал құрылыс нысанының жетекшісі Досжан Ақмаров зардап шеккен азаматтардың каскасын шешіп тастағанын, белдікті өздері тақпайтынын алға тартты. Сондай-ақ, ол жұмысшылардың айлығы мен клиникасын төлеп отырғанын айтты.

Фото: Бақытжан Шындалиев
Фото: Бақытжан Шындалиев: Facebook

Оқыс жағдайға тап болған екінші азаматтың жағдайы ауыр. 35 жастағы Арал Жүсіпов қазір төсекке таңылған. Оның аяқ-қолы да икемге келмейді.

Гипсі ерте алғандықтан саусақтары да қисық бітіпті. Жағдайы күннен күнге нашарлап келе жатқан науқасты ауруханалар да қабылдамай жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773663-astanada-aak-koly-istemej-kalgan-azamat-zanajkajyn-zetkizdi/