Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ырым-тыйымдар: Жүкті әйел шашын қиса не болады?

Жарияланған күні:

Қазақ халқы ертеден ырымдарға сеніп, тыйымдарды есте сақтап жүрген. Олардың ішінде жүкті әйел мен жаңа туған сәбилерге қатысты да кеңестер көп айтылған. Ендеше, reactor.infrom.kz сайты әйел мен балаларға қатысты ырым-тыйымдар топтамасын ұсынады.

Көрнекі фото: egemen.kz
Көрнекі фото: egemen.kz: Twitter
  • Аяғы ауыр әйел шашын кессе – ішіндегі бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.
  • Қазақ балаларын санамайды және санын айтпайды.
  • Қалжа жемеген келіншектің баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.
  • Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, кейін есейгенде өсекшi болады.
  • Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген түсінік бар.
  • Сәбидiң қырқынан шығарған уақытта қарын шашын алмайтын болса – қарғысы қатты болады.
  • Балаға қарғыс тимеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтының астынан өткiзiп алады.
  • Үйге кiріп жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге ынтымақ пен береке келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.
  • Бала шалқасынан жатып ұйықтаса – күллі елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.
  • Кішкентай балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.
  • “Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.
  • Қыздың басына ақ және қара түсті орамал тартпайды. Өйткені, ақ – жаулықтың, қара – қайғы-мұңның белгiсi.
  • Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, ол жазылып кетеді.
  • Қалы үлкеймесін деп, қалмен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деген есім қояды.
  • Әйел итке тас лақтыратын болса– шаңырақтағы ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.
  • Өскенде жеңiлтек болмас үшін қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
  • Толғағы қатты болады деп жүкті келiншекке толарсақ жегiзбейдi.
  • Жас босанған келіншек 40 күнге дейiн қолын суық суға салар болса– баласы тас бауыр болады.
  • Бөбек кезінде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.
  • Сәбидiң тiлi өз уақытында шықпаса – нағашысының үйiне апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773718-yrym-tyjymdar-zkti-jel-sasyn-kisa-ne-bolady/