Мұзды суда 35 минут тұрған астаналық азамат рекорд орнатты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қайырбек Аяшев есімді Астана тұрғыны "крещение" мерекесінде суық суға шомылудан Қазақстанның алғашқы рекордын орнатты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ер адам су ішінде 35 минут бойы тұрған. Судан шыққанда ол өзін өте жақсы әрі сергек сезінетінін айтыпты.
Алайда Аяшев судан өз қалауымен шықпаған. Оның жанындағылар бірінші рет үшін осы көрсеткіш те жеткілікті деп тауып, судан шығуын сұрапты.
Қайырбек су ішінде тұрған кезде оның жанында қауіпсіздік үшін дәрігерлер мен құтқарушылар, сондай-ақ, әкімдіктің өкілдері де табылған.
Өзге де көрермендердің жиналуы ер адамды қуанышқа бөлепті.
"Ер адам 35 минут 15 секундқа дейін суда болды. Одан кейін біз оны тексерістен өткіздік. Денсаулық жағдайы тұрақты, қанқысымы - 130, импульс 86, өзін өте жақсы сезінеді, ешқандай үсу белгілері жоқ", - дейді реаниматолог дәрігер Дина Жунусова рекордшының хал-күйі туралы.
Қайырбектің өзі де жағдайының тамаша екенін айтты, тек басында суға үйрену сәл қиын болғанын, бірақ содан кейін өзін жақсы сезінгенін жасырмады. Оның айтуынша, ең қатты тоңған аяғының саусақтары ғана екен.
Келесі жолы суық суда бұдан да ұзақ тұруға уәде берді.
Айте кетелік, әлемдік рекорд суық су ішінде 2 сағат тұрған ресейлік Дмитрий Балабановқа тиесілі.
Естеріңізге саламыз, суық суда шомылу Қазақстанның бірнеше қалаларында өтті. Бұл үрдіске түрлі ұлт өкілдері қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774109-mzdy-suda-35-minut-trgan-astanalyk-azamat-rekord-ornatty-foto-video/