"Арқанкерген": Атышулы шекара бекеті қазір қандай? (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Арқанкерген" бекеті бүкіл Қазақстанға және басқа да елдерге 2012 жылы мамыр айында қанды қырғын арқасында белгілі болды. Бұл жерде 2004 жылы 14 шекарашы мен қорықшы адам қолынан қаза болды. Бекеттің қайғылы оқиғаға дейінгі күйі мен 14 жылдан кейінгі жағдайын NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.
Шекара бекеті Алматы облысы Алакөл ауданында елді мекендерден оқшау орналасқан. Аудан орталығы - Үшарал қаласына дейін 224 шақырым.
Мұндағы табиғат көрінісі көздің жауын алады. Айналада тау бөктерлері, тоғайлар мен көк шалғын.
Бекеттегі ғимараттар бөренелерден тұрғызылған. Айнала қоршалған. Ат қора мен өзге де құрылыс нысандары ағаштан жасалған.
2004 жылы бекет осындай күйде болса, 14 жылдан кейін 2018 жылы айтарлықтай өзгерістер болмаған.
Кішкене тоғай арасында тұрған ағаш ғимараттар.
Қанды оқиға жайлы тек қара қабір тасы еске салады.
Қоршалған аймақта орналасқан ескерткіште 2012 жылы 28 мамырда қаза болғандардың есімдері жазылған.
Еске сала кетейік, шекарашылар мен қорықшының өліміне шекарашы сарбаз Владислав Челах кінәлі деп табылды. Алғашында ол адамдарды қырып салғанын мойындаса, кейін қысым көрсетілгендіктен кінәні мойындағанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774184-arkankergen-atysuly-sekara-beketi-kazir-kandaj-foto/