Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы инспектор өліміне күдіктінің әкесі халықтан кешірім сұрады

Жарияланған күні:

"Охотзоопром" инспекторына шабуылдады және өлтірді деген күдікке ілінгендердің бірінің әкесі Ерлан Нұрғалиевтің отбасы мен туыстарынан және халықтан ұлы үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еуразия арнасындағы видеодан скриншот
Еуразия арнасындағы видеодан скриншот: Facebook

34 жастағы Берік Ахметов, Қайрат Ақанов пен Нұрлан Шукилдиковпен бірге Қарағанды облысында екі қорықшыға шабуылдады деген күдікпен ұсталған болатын.

Күдікті Ахметовтың әкесі бұл іске қатты өкініш білдіретінін айтып, елден кешірім сұрады.

"Мен Ахметов Беріктің әкесі боламын. Бұл істегеніне қатты өкініп тұрмын. Қайтыс болған жігіттің отбасынан, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Ойнақтап жүрген балам от басты. Айта алмаймын, кешірім сұраймын. Толқып тұрмын”, - дейді күдіктінің әкесі Мейрамбек Ахметов.

Еске сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандардың ізіне түсу кезінде орын алған.

Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Артынша марқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланып, күдікті ретінде үш азамат тұтқындалды.

Ал күні кеше Астанаға жиналған марқұмның туыстары екінші көлікте болған төрт адамның іске куәгер ретінде тартылып жатқанын айтып, жанайқайын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774406-karagandydagy-inspektor-limine-kdiktini-kesi-halyktan-kesirim-srady/