Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Челах өзіне қатысты үкімге соңғы рет шағымдана алады

Жарияланған күні:

Жоғарғы Соттың сот алқасы судьясы Лариса Шепелева Владислав Челахқа қатысты қылмыстық іс туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Тілшілер сотталушының істі қайта қару үшін тағы қандай органға жүгіне алатынын сұрады. Анықталғандай, Челахтың тек бір ғана мүмкіндігі қалған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: expert.ru/ Владислав Семенов
Фото: expert.ru/ Владислав Семенов: Facebook
"Жоғарғы Сот Төрағасына оған қатысты сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізу туралы өтініш беру рәсімі бар. Оған жүгіну үшін белгілі бір мерзім жоқ.
Төрағаның өзі іс жүргізу шешімін қабылдамайды, ол сот алқасының қарауына ұсыныс енгізеді, ал шешімді сот алқасы қабылдайды", - деп түсіндірді судья.

Журналистер БҰҰ комитетінің шешімі Челах ісі бойынша Жоғарғы соттың оң шешіміне неге әсер ете алмағанын, әлемдік ұйым өз тұжырымдарында қателесуі мүмкін бе екенін сұрады.

Ал Судья БҰҰ комитетінің шешімдері Қазақстанның сот жүйесіне "иелік етпейтінін" және оларды орындауға міндеттей алмайтынын ұғындыратынын айтты. Оның сөзінше, бұл тек қана ұсыныстар болып табылады.

Сонымен қатар, қазақстандық сотты Челах бойынша белгілі бір шешім қабылдауға әлемнің бірде-бір соты міндеттей алмайды.

"Еуропа елдері үшін Еуропалық сот бар. Бізде сот актілерін қайта қарауды міндеттейтін халықаралық сот органы жоқ", - деді судья.

Осылайша, егер Владислав Челах Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгеннен кейін де шешім өзгеріссіз қалса, үкімге шағымдану мүмкіндігіне нүкте қойылады.

"Егер онда қандай да бір жаңа дәлелдер пайда болса, ол кассациялық сатыдағы сот отырысында оның ісін қарау туралы қайтадан өтініш жасай алады. Бұл жаңа дәлелдер пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер ешқандай жаңа дәлелдер жоқ болса, онда иә (шағымдану мүмкіндігінде нүкте қойылады-ескерту. ред)", - деп мәлімдеді Шепелева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774445-celah-zine-katysty-kimge-sogy-ret-sagymdana-alady/