Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назар Роллан достарымен әуежайдан чемоданға адам салып өтпек болған

Жарияланған күні:

Көлікті "қарама-қарсы" бағытта айдап, жұрт назарын өзіне аударған Назар Роллан енді хайптың басқа түріне көшкен. Кезекті қойылымына ол Алматы халықаралық әуежайын таңдапты. Онда Назар өз достарымен Қауіпсіздік қызметінің штаттан тыс жағдайларға дайындығын тексермек болған екен. Бұл туралы оңтүстік астананың әуе айлағы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Әуежайдың ақпараты бойынша, жолаушылардың бірі, елордаға жіберілген Qazaq Air рейсіне тіркеліп, салмағы 23 келіден асып кеткен "жолжүгін" таспаға қойыпты. Ал ереже бойынша тек 23 келіні ғана тегін алып өтуге болады.

Сонда қызметкер жігіттен сөмкенің ішіндегі затты бөлуді немесе салмағы үшін қосымша төлем жасауды сұраған.

"Осыдан кейін сыбайластар "Air Astana " әуе компаниясы кассаларының жанында сөмкені қалдырып, шетке кетіп қалған. Кассир сөмкеден адам қолының шыққанын көріп, бірден әуежай авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен ІІЖБ өкілдерін шақырған", - делінген хабарламада.

Артынша тәртіп сақшылары сөмкеден шыққан азаматты ұстаған. Ал қалғандары бұл сәтті видеоға түсіріп тұрыпты. Алайда, әуежайда түсірілген бейнежазба желіге салынбаған. Себебі, хайп қуған Назар Роллан мен оның достары сол мезетте рейстен алынып, ұсталған екен.

Баспасөз қызметі қазір жігіттерге қарсы ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік іс қозғалып жатқанын хабарлады. Енді олар 50,5 мың теңге айыппұл төлейді немесе 20 тәулік қамауда отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774849-nazar-rollan-dostarymen-uezajdan-cemodanga-adam-salyp-tpek-bolgan/