Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық азамат қайтыс болған атасын бір минут сөйлеткен молдаға алғысын айтты

Жарияланған күні:

Жасы 50-ден асқан алматылық азамат балалық шағында куә болған оқиғасын айтып берді. Ол қайтыс болған атасын бір минут сөйлете алған молдаға алғысын білдірді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: everything.kz
Көрнекі фото: everything.kz: Twitter

Қарлы Алтайдың баурайында өскен Талап Айдынның бала кезінде Назаралы атасы төсек тартып қалған екен. Күн сайын тексерген дәрігерлер 91 жастағы қарттың сырқатын кәрілікке балапты.

Аурумен арпалысқан күндердің бірінде ақсақал ауылдағы Нығымет молданы шақыртуды, имамның аузына дем салуын сұрайды.

Талаптың сөзінше, сонда үйге келген молда күбірлеп, бір сөздерді айта бастапты. Артынша ол ақсақалдың ұлына қарап, басын изеген екен.

"Молда құранын оқып болған соң атамның бетіне бүркігендей болды және бірдеңелерді күбірлеп айтты да, атамның тамырын басып көрді. Сосын әкеме бұрылып, басын изеді. Әкемнің көзінен жас бұрқ ете қалды. "Иманы саламат болсын! Жатқан жерін Аллам жаннаттан айлағай" деді молда. Үй іші азан-қазан боп кетті. Әйелдер дауыс шығарып жылай бастады", - дейді ол.

Алайда арада көп уақыт өтпей, қарияның денесі дірілдей бастаған.

"Кенет атамның денесі 2-3 мәрте бұлқынды. Басы көтеріліп, қайтадан төсекке сылқ ете қалды. Бұл әрекетті молда да бағып отыр екен. Дереу зуылдатып тағы да арабша бірдеңелерді ұзақ оқыды", - дейді Талап.

Содан соң молда бөлмедегілерден сыртқа шығуды сұрапты. Тек қарттың ұлы мен немересіне ғана тізе бүгіп, төсек қасында отыруға рұқсат болған екен.

"Молда әкеме қарап, "балам, әкең қиналып жатыр. Саған айтар соңғы сөзі бар секілді. Алланың әмірімен бұл кісі қазір сөйлеуі мүмкін. Сен мұқият тыңдап ал" деді. Әкем көзі бақырайып, атама телміріп қарап отырды. Мен де үңілдім. Молда құранын жалғастырып оқи берді, оқи берді. Кенет атамның ауызы жыбырлағандай болды. әкем құлағын атамның аузына тосты", - дейді өткенін еске алған зейнеткер.

Бірер секундтан соң дауысы шыққан Назаралы ақсақал көршісін Қытайдан өткенде қомақты алтын беріп, аман алып қалғанын айтыпты. Өлім аузында жатқан ол сол жолдасының қарызын кешіргенін алға тартқан екен.

Расымен де, ақсақалдың жаназасында қарыз болған көршісі жұртқа өзінің қомақты алтын беру қажет екенін жария етіпті.

Сол мезетте Талаптың әкесі сөз алып, марқұмның барлық қарызды кешіргенін жеткізген екен. Мұны естіген жолдасы Назаралының денесін құшақтап, еңкілдей берген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775467-almatylyk-azamat-kajtys-bolgan-atasyn-bir-minut-sjletken-moldaga-algysyn-ajtty/